"Қытай, Ресей және АҚШ Украина тағдырын талқылайды": Германия президенті бұл ақпаратты жоққа шығарды

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің сөзінше, бұл тақырып алдағы саммитте талқыланбайды.

"Қытай, Ресей және АҚШ Украина тағдырын талқылайды": Германия президенті бұл ақпаратты жоққа шығарды Фото: independent.co.uk

Ол Қытай, Ресей және АҚШ арасында Украина мәселесіне қатысты келіссөздер өткізу жоспарланып жатқаны туралы ақпаратты растамады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Германия президенті ARD телеарнасына берген сұхбатында Бейжіңге жасаған сапары кезінде Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің мұндай келіссөздерге дайындық жүргізіліп жатпағанын ашық айтқанын жеткізді. Сонымен қатар, Қытай басшысы ықтимал бейбіт келісім әзірлеу үдерісіне Еуропа елдері де қатысуы қажет екенін атап өткен.

Штайнмайердің сөзінше, АТЭС саммиті аясында Қытай, Ресей және АҚШ өкілдерінің кездесуі жоспарланған. Дегенімен, бұл келіссөздерде Украина мәселесі талқыланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу