Қытай смартфондары Қазақстан нарығын жаулауда

Юлия Кузнецова Юлия Кузнецова
14161

Redington Kazakhstan Қытайда танымалдығы жағынан бесінші орында тұрған MEIZUPRO6 смартфондарының саудаға түскенін хабарлады

Қытай смартфондары Қазақстан нарығын жаулауда

Redington Kazakhstan қазақ нарығында Қытай сматфондарының сатылу желісін кеңейтуде. Соның бірі - MEIZU Pro 6 – осы аптаның соңында Алматы қаласында көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінгі күні Қытай елінің өндірушілері Қазақстан нарығынан көп үміт күтеді.

IDC компаниясының мәліметі бойынша, 2016 жылдың бірінші тоқсанында қытай смартфондары қазақ нарығының 3%-ын жаулап алған. Егер былтыр қытай смартфондары қазақтар үшін онша танымал болмағанын ескерсек, бұл дегеніңіз үлкен нәтиже.

Қазақстандағы MEIZU смартфондарының ресми дистрибьюторы сингапурлық Redington Gulf компаниясының еншілесі - Redington Kazakhstan компаниясы болып табылады. Ол бұған дейін  қазақ нарығында ASUS, ASRock, Dell, Gigabyte, Lenovo сияқты брендтерді ұсынған болатын. Redington Kazakhstan компаниясының өнім бойынша менеджері Руслан Қайтеғұловтың айтуынша, MEIZU компаниясы 2003 жылы құрылып,бірінші М8 смартфонын әзірлеуді 2006 жылы бастаған, содан кейін бірінші сматрфонды көпшілікке таныстыру 2009 жылдың ақпан айында болған.

Содан бері компания тез жетіліп, қазіргі уақытта бренд-дүкендері 2000-ға жеткен. Сонымен қатар, Қытайда Android-смартфондарын өндірушілердің үздік бестігіне енген. MEIDZU компаниясы нарық үлесінің 4%-на қол жеткізіп, қытай брендтері арасында бесінші орынды иеленіп отыр. Ол Lenovo, HTC және Coolpad сияқты компанияларды  басып озған. Өткен жылдың ақпан айында Alibaba компаниясы MEIZU компаниясын 650 млн долларға инвестициялаған болатын, мәміле ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті қарастырады. MEIZU компаниясының смартфондары Қазақстандағы "Белый ветер", "Алсер", "Мечта", "Фора", "Сател", "Мегател" дүкендерінде бөлшектік сауда желісімен сатылады. Pro 6 флагманының бөлшек саудадағы бағасы 166 900 теңгені құрайды.

Компания былтырғы жылы ғана халықаралық нарыққа шығып, қазір оның өнімі 30 елде, соның ішінде – Ресей мен Украинада табысты  ұсынылуда. "Қазақстанда MEIZU смартфондардың ресми түрде сатылуы өткен жылдың сәуір айында басталған. Осы аралықта смартфондарға деген көзқарастың қалайша өзгергеніне куә болып отырмыз. Бастапқы кезде қазақ сатып алушылары негізінен қалтасы көтеретін  MX смартфондарын жақсы сатып алды. Уақыт өте келе жоғары класты, бағасы да жоғары, көбінесе, бизнес-сегменттегі ересек адамдар аудиториясына бағытталған Pro смартфондары сұранысқа ие бола бастады. Біздің ойымызша, бұл қолданушылардың смартфон бағасы мен техникалық сипатының  ара салмағын бағалаудан туған сияқты",- дейді Руслан Қайтеғұлов. Биыл Ресейдегі қытайлық смартфондардың нарығы рекордтық 33%-ға жетті. РБК банксінің ақпараты бойынша ақшалай айналымдағы қытай смартфондарының үлесі 21%-ды құраған, Ресейдегі ең көп сатылатын қытайлық бренд Lenovo смартфондары болып отыр.

 Юлия Кузнецова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу