Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл – Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 19 ұшағы еді. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақта 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу