"Қытай зауыттарына жол жоқ!" (видео)

Митингке шыққандар осындай талап қойды. 

"Қытай зауыттарына жол жоқ!" (видео)

Жиналғандардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Олар Қазақстанда 55 Қытай зауыты салынады деген қауесетке қарсылық білдіруде

"Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісім аясында 27 млрд долларға машина құрастыру, құрылыс индустриясы, мұнай-химия, фармацевтика өнеркәсібі, мұнай-газ саласына қатысты басқа көптеген жобалар бойынша Қазақстан мен Қытайдың бірлескен 55 кәсіпорны туралы дерек тарауда. Біз бұған қарсымыз. Себебі әлемдегі 10 экологиясы нашар қаланың жетеуі Қытайда орналасқан. Бұл зауыттар Қазақстанда салынса, еліміздің экологиясы бұзылады", – дейді митингке шыққан наразы топ.

Митингке жиналған қауымға әкімдік өкілдері шығып, оларды келіссөзге шақырды.

"Бұл мәселенің анық-қанығы туралы ресми ақпарат береміз", – деді әкімдік өкілдері.

Естеріңізге салайық, осыған дейін Қазақстанда Қытай зауыттарының салынуына қатысты наразылық митингі Жаңаөзен қаласында өтті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу