Қытайда пара алған экс-шенеунік өлім жазасына кесілді

354

Бұрынғы шенеунік өз кінәсін мойындады. 

Қытайда пара алған экс-шенеунік өлім жазасына кесілді Фото: Риа Новости

Қытайда Нанкин қаласы Халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің бұрынғы төрағасы Лун Сян 261 миллион юаньнан (шамамен 38,7 миллион доллар) астам пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы (CCTV) таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Сотта экс-шенеунік өз кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін жеткізген. 

"Нанкин қаласы Халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің бұрынғы төрағасы Лун Сян 261 миллион юаньнан астам пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді. Үкімді орындау екі жылға кейінге қалдырылады, – делінген CCTV хабарламасында.

Сот шешіміне сәйкес, Лун Сянның барлық жеке мүлкі тәркіленіп, пара арқылы тапқан қаражаты мемлекет қазынасына қайтарылады. Сондай-ақ ол өмір бойына саяси құқықтарынан айырылды.

Лун Сянға басқа тұлғалардан инсайдерлік ақпарат алып, сол арқылы акциялар сатып алды деген айып тағылған. Тергеу мәліметінше, ол 2017 жылғы қарашадан 2018 жылғы қаңтарға дейін құны 10 миллион юаньнан (1,5 миллион долларға жуық) асатын акциялар сатып алған.

2026 жылғы қаңтарда ҚХР төрағасы Си Цзиньпин елде жемқорлықпен күрес мәселесі әлі де күрделі екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, жемқорлыққа жол ашатын жағдайларды жою – қиын әрі көп қырлы міндет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу