Қытайдағы турнирде қазақстандық қос ару каратэ-додан жүлделі болды

284

Спортшыларымыз тартысты ойын көрсетті.

Қытайдағы турнирде қазақстандық қос ару каратэ-додан жүлделі болды Фото: sportbugin.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында каратэ-додан өтіп жатқан Премьер-лига бәсекесінде қазақстандық екі спортшы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдымен Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) ақтық сында Алжир спортшысы Силия Уикенмен 8:8 есебімен тең түсіп, қосымша уақытта қарсыласына есе жіберді.

Ол биыл қаңтарда өткен жылдың алғашқы премьер-лига турнирінде қола медаль жеңіп алды. 

Ал, қазақстандық тағы бір каратэші Әсел Қанай (61 келі) Қытайдың Ханчжоу қаласындағы бәсекеде қола жүлдені еншіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу