Қытайдан Қазақстан арқылы өтетін автокөлік транзиті 67%-ға өсті

508

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытайдан Қазақстан арқылы өтетін автокөлік транзиті 67%-ға өсті Фото: canva.com

Өткен 2024 жылмен салыстырғанда ел бойынша автомобильдік транзиттік тасымалдау көлемі 39 пайызға артып, шамамен 5 миллион тонна жүкті құрады.

Қытайдан транзит 67%-ға өсті (1,5 млн тоннадан 2,5 млн тоннаға дейін). Транзиттік тасымалдардың динамикасын сақтау және одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін министрлік мынадай шараларды жүзеге асырады:

  • Түркия, Ресей, Латвия, Литва елдерімен шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматқа көшіру;
  • Португалия және Даниямен автомобиль тасымалы бойынша жаңа үкіметаралық келісімдер жасау арқылы тасымалдау географиясын кеңейту.

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін Қазақстан қазіргі уақытта 42 үкіметаралық келісім жасасты, олардың негізінде министрлік жыл сайын рұқсат бланкілерімен алмасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу