Қызанақтың жаңа түрлері өсіріледі

3948

Екібастұзда қызанақ өсіретін жылыжай ауқымы кеңеймек.

Қызанақтың жаңа түрлері өсіріледі

2017 жылы "Greenhouse" ЖШС қарасты жалпы аумағы 5 гектар болатын "Qaztomat" жылыжайы іске қосылған болатын. Оның құрылысына 3,8 млрд теңге инвестиция құйылды. Былтыр бұл кәсіпорын 2,2 тонна қызанақ жинаса, биыл 2,7 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Тұқымды голландиялық "RijkZvaan" компаниясынан сатып алады. Аталмыш компанияның мамандары Екібастұзға арнайы келіп, көкөніс өсуінің барлық кезеңін назарда ұстайды. Сонымен қатар, жылыжайдағы температура, ылғалдылық және жарық "Priva" компьютерлік бағдарламасы арқылы бақыланады.

"Жылыжайдағы микроклимат табиғи жағдайларға өте ұқсас. Қызанақтарды өсіру үшін экологиялық әдістер қолданылады. Мысалы, тозаңдандыру кезінде аралар қолданылады. Өнімнің дәмі мен сапасы жақсы болғандықтан, сыртқы нарықтан сұраныс көп. Ресейдің "Лента" ірі сауда желісімен келісімшарт жасадық, соған сәйкес өнімнің 90 пайызы осы компанияға экспортталады", - деді "Greenhouse" ЖШС директоры Бауыржан Каменов.

Осы жылдың қыркүйек айында қызанақ өсіретін жылыжай аумағын кеңейтіп, 11,5 гектар жерді игеру жоспарланып отыр. Ал 2020 жылдың наурыз айында тағы 10 гектар жылыжай пайдалануға беріледі. Бауыржан Каменовтың айтуынша, қызанақтың қазіргі сұрыптарымен қатар, "Пауланка", "Плимола" деп аталатын түрлері егіледі. Бұл жобаның құны 61,5 млрд теңгені құрайды. Соның нәтижесінде 550 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Ақтоты Қабдықайыр, Павлодар облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу