Қызмет көрсету мен құрылыста жалақы өсіп келеді

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3308

Ақтөбе облысы мен Астана және Алматы қалаларында жұмыссыздық азая бастады.

Қызмет көрсету мен құрылыста жалақы өсіп келеді

2018 жылдың 2-тоқсанында жұмыспен қамтылған халықтың саны 1,1%-ға өсіп, 2017 жылғы 1-тоқсанымен салыстырғанда 2018 жылдың 1-тоқсанында 1,3%-ға өсті. 

"Экономиканың салалары бөлігінде жұмыспен қамтылған халықтың саны көтерме және бөлшек саудада 5,6%-ға өсті. Сондай-ақ өнеркәсіптік сектордың тұрақты өсуі аясында өңдеу өнеркәсібінде 6,5%-ға және көлік және қоймалауда 4,6%-ға өсуі байқалды. Жұмыспен қамтудың төмендеуі тау-кен өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында және құрылыс саласында байқалды", – деп жазады Бас банк. 

Өңірлер бөлігінде жұмыспен қамтылған халықтың негізгі ұлғаюы Ақтөбе облысында (2,1%-ға өсті), Алматы (2,7%-ға) және Астана (4,1%-ға) қалаларында байқалды. 

2018 жылғы тамыз айында жұмыспен қамтылғандар саны 1,1%-ға артып, 8668,2 мың адамды құрды. Бұл экономикалық белсенді халықтың 95%-ы. 

2018 жылы тамызда жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды. Айта кетейік, 2014-2017 жылдар аралығында жұмыссыздық деңгейі орташа алғанда 5% болды. Жұмыспен қамту органдарында 146,6 мың адам жұмыссыздар қатарында ресми тіркелген. Бұл жұмыс күшінің 1,6%-ы.

"Бір аптада нақты жұмыс істеген сағатының саны 35 сағат және одан аз болатын жұмыспен қамтылған халықтың үлесі өсуде. 2018 жылғы екінші тоқсанда аталған қызметкерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 6,8%-ын құрады", – деп хабарлайды Бас банк. 

Сонымен қатар, бір аптада 41 сағаттан астам жұмыс істеген қызметкерлердің үлесі 2015 жылғы бірінші тоқсандағы аздаған өсуден кейін, салыстырмалы түрде төмендеу деңгейде – 21,7%-бен сақталуда. 

Бір аптада 36 сағаттан бастап 40 сағатқа дейін нақты жұмыс істеген қызметкерлердің үлесі басым болып қалуда. 2018 жылғы екінші тоқсанда біршама төмендеп, үлесі 69,9% болды.

Жалақы көрсеткішіне келер болсақ, 2018 жылы қыркүйек айында бір қызметкердің орташа айлық номиналдық жалақысы 5,5%-ға ұлғайып, 158,2 мың теңгені құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстары 2018 жылдың тамызында 2% -ға өсті. 2018 жылғы 2-тоқсанда нақты жалақы 2,2%-ға өсті. 

Салалар бөлігінде 2018 жылғы 2-тоқсанда өсім әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (15,7%-ға), құрылыста (8,4%-ға), тау-кен өндірісінде (6,5%-ға), өңдеу өндірісінде (4,6%-ға) тіркелді. 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде (4,5%-ға), жылжымайтын мүлікпен операцияларда (5,2%-ға), қызметтердің басқа түрлерін ұсынуда (9,2%) төмендеу байқалды. 

2018 жылғы 2-тоқсанда өңірлер бөлігінде номиналдық жалақының ең жоғарғы мәні Маңғыстау облысында (304,2 мың теңге), ең төменгі мәні – Жамбыл облысында (120,9 мың теңге) тіркелді. 

2018 жылғы 2-тоқсанда экономикадағы еңбек өнімділігі 3,6%-ға өсті. Салалар бөлігінде ең көп өсім құрылыста (9,3%-ға), өнеркәсіпте (4,3%-ға өсті), көлікте (3,1%-ға) және қаржы және сақтандыру саласында (10,6%-ға) байқалды. 

Cаудадан және ауыл шаруашылығынан басқа экономиканың барлық негізгі салаларында еңбек өнімділігінің өсімі нақты жалақының өсу қарқынынан астанының атап өткен жөн.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу