"Қызыл-Жар" соңғы минутта "Қайраттан" жеңісті жұлып әкетті

2003

Ойын барысында Алматылық ұжымның екі ойыншысы алаңнан қуылды.

"Қызыл-Жар" соңғы минутта "Қайраттан" жеңісті жұлып әкетті

Алматылық "Қайрат" Қазақстан біріншілігінің 19-турында петропавлдық "Қызыл-Жардан" жеңіліп қалды. Алматының Орталық стадионында өткен матч 2:3 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы голды 16-минутта "Қайрат" ойыншысы Данияр Үсенов соқты. Араға бес минут салып Алматылық команданың қорғаушысы Нұрлан Дайыров қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Ал Драченко пенальтиді сәтті орындады. 26-минутта Григалашвили командасын алға шығарды. Дегенмен 33-минутта Андрей Ульшин есепті қайта теңестірді. Ойынның 90-минутында қосалқы құрамнан алаңға шыққан Камо Оганесян қызыл қағаз алды. Ал соңғы минутта "Қызыл-Жар" футболшысы Тимур Мульдинов жеңісті жұлып әкетті.

Үш ұпайға қол жеткізген петропавлдық команда 19 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады.

Сонымен қатар бүгін талдықорғандық "Жетісу" "Таразға" есе жіберді. Талғар қаласындағы Ұлттық құраманың базасында өткен ойын 0:1 есебімен аяқталды. Матчтың тағдырын шешкен жалғыз голды 28-минутта Больевич соқты. Одан бөлек, кездесу барысында алты сары қағаздың да куәсі болдық. Оның төртеуі "Жетісу" ойыншыларына, қалған екеуі "Тараз" ойыншыларына көрсетілді.

Үш ұпайға қол жеткізген "Тараз" 20 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады. "Жетісу" 22 ұпаймен бір саты жоғарыда тұр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу