"Қызыл-Жар" "Жетісудан" басым түсті

1462

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында екі кездесу өтті.

"Қызыл-Жар" "Жетісудан" басым түсті

Қазақстан Премьер-лигасының 16-тур ойындарында "Қызыл-Жар" "Жетісуды" жеңді. Кездесу Алматыдағы "Жас Қыран" стадионының алаңында өтіп, 2:1 есебімен, петропавлдық команданың пайдасына аяқталды.

Алаң иелері бірінші болып есеп ашты. 36-минутта Тимур Мулдинов қарсыластар қақпасына бірінші голды салды. Содан кейін 45-минутта Максим Драченко пенальтиді сәтті орындап, есепті еселей түсті. Алғашқы үзілістен соң талдықорғандықтар ширақ қимылдай бастады. Кездесудің 51-минутында Артурас Жулпаның қақпаға бағыттаған соққысы голға айналып, есеп қысқарды. Ал, матчтың 87-минутында "Жетісу" ойыншысы Айбар Жақсылықов тәртіп бұзып, қызыл қағаз алды. Нәтижесінде алаңнан кетті. Сонымен ойын аяқалғанша талдықорғандықтан 10 адаммен қалды. Кездесу аяқталғанша таблодағы көрсеткіш өзгере қоймады. Нәтижесінде екі команда арасындағы ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Үш ұпайға ие болған "Қызыл-Жар" турнирлік кестеде бір сатыға жоғары, тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ бүгін көкшетаулық "Оқжетпес" "Таразбен" кездесті. Талғардағы Ұлттық құраманың базасында өткен матч 0:0 есебімен аяқталды, екі команда өзара ұпай бөлісті. Ойында гол соғылмағанымен 4 сары қағаз көрсетілді. Оның екеуін "Оқжетпес" ойыншылары алса, қалған екеуін "Тараз" футболшылары алды.

Бір ұпайды қанағат тұтқан "Тараз" 14 ұпаймен сегізінші орында қалды. 11 ұпайы бар "Оқжетпес" "Каспийді" артқа тастап, оныншы орынға көтерілді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу