"Қызылорда аруы" қарызын өтеу үшін ыдыс жуып жүр

4070

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

"Қызылорда аруы" қарызын өтеу үшін ыдыс жуып жүр

Qmonitor.kz: "Бес жылда 217,8 мың қазақстандық Ресей азаматтығын алған" деп хабарлайды аталмыш газет. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы дерекке сай, Петропавл қаласы тұрғындарының саны 219,2 мың адамды құраған. Демек Қазақстан соңғы бес жылда бір қаланың тұрғынындай халықтан айрылып қалып отыр. 

Басылымның хабарлауынша, осы уақыт аралығында Қазақстанда дүниеге келген сәбилер саны бұл көрсеткіштің орнын толтырған, алайда "зиялылардың жылыстауы" елде экономика жұмыс істемейтінін көрсететін белгілердің бірі болып есептеледі. Мамандардың пайымдауынша, кәсіби білікті адамдардың елден кетуі маман тапшылығын тудырады. Денсаулық сақтау саласы бойынша мұндай тапшылық барын пандемия көрсетті. Министрліктің дерегінше, 2017 жылы Қазақстаннан медицина саласының – 1062, 2018 жылы – 1225, ал 2019 жылы – 1212 маманы кеткен.

"Адамдар мемлекеттен жағдайы болмаса, яғни мемлекеттік қызметке толық қол жеткізе алмаса, олардың саяси еркіндігі болмаса, құқықтары айтарлықтай сақталмаса эмиграцияға бейім болады",– деп жазады мақала авторы.

Express-k.kz: "Қызылорда аруы" қарызын өтеу үшін ыдыс жуып жүр", деп жазады аталмыш басылым. 2017 жылы Қызылорда аруы атанған Гүлнұр Нұртаза ата-анасынан айрылған соң, қиын жағдайға тап болған. Ол оқуының ақшасын табу үшін еңбек етіп жүр. Қаңтардың 31-і күні әлеуметтік желілерде жас қыздың талып қалған видеосы жарияланған. https://express-

Апта бойы қазақстандықтар "Қызылорда аруы" атанған Гүлнұр Нұртаза жайында жазып, желіні шулатты. Жас аруға арналған мақаланы аталмыш газет те назардан тыс қалдырмаған. Бұл мақалада Гүлнұрдың асханада жұмыс істеп жатқан сәті бар видео да жарияланған. Газеттің хабарлауынша Гүлнұр Нұртаза бірінен кейін бірі кеткен ата-анасынан айрылғаннан кейін қиналып қалған. Оқуының ақшасын төлеу үшін ыдыс жуады. 

"Жаны таза қыз үшін сұлулық сын болып келеді. Әйелдер оны көре алмағандықтан жұмысқа алғысы келмейді, ал ер азаматтар ұятсыз ұсыныстарымен мазалайды. Нәтижесінде 19 жасар Гүлнұр жарты жылдан бері Қызылордадағы кафелердің бірінде ыдыс жуып жүр", – деп жазады басылым.

Гүлнұр Нұртаза туралы біраз ақпарат құралдары жариялағаннан кейін, оның тағдырына ресейлік журналистер қызығушылық таныта бастаған. 19 жасар қыздың айтуынша, оны өз бағдарламасына танымал ресейлік журналист әрі қоғам қайраткері Ксения Собчак шақырғысы келген.

Liter.kz: "Солтүстік Қазақстан облысы аймағында қасқыр жоқ, бірақ бұл жануардың популяциясына Қазақстанда қауіп жоқ", деп жазады бұл газет. Экология министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің мамандары қазақстандықтарды үрей тудырмауға шақырған. 

Басылымның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Сәкен Дидахмет есімді табиғат зерттеушісі Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше жылдан бері қасқыр көрінбей кеткенін жазған. Оның пайымдауынша, бұл өңірдегі көк бөрінің бәрін браконьерлер қырып тастаған. Алайда Экология министрлігіне қарасты Орман және жануарлар әлемі комитетінің мамандары өз түсініктемесін берген.

"Арнайы жасалған бақылау бойынша, шын мәнінде Солтүстік Қазақстан облысында қасқыр жоқ. Мұндай жағдай 2014 жылдан бері қалыптасты. 2010 жылы өңірде 40 шақты қасқыр болған. Мұның себебін ауыл-шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер көлемінің көбеюімен түсіндіруге болады. Осының салдарынан қасқырдың өмір сүру ортасы өзгерді және жыртқыштардың тынышы кетіп, миграцияға ұшырауы мүмкін", - делінген комитет мамандарының жауабында.

Жалпы мамандардың пайымдауынша, Солтүстік Қазақстан аймағы қасқырға қолайлы жерге жатпайды. Мамандар қасқырды жергілікті және көшіп-қонып жүретін түз тағылары деп екіге бөледі екен. Солтүстік Қазақстан өңірінде жергілікті қасқыр болмағанымен, осында келуші қасқырлар жеткілікті. Сонымен қатар, мамандар қасқырлардың Қазақстандағы саны айтарлықтай көп екенін айтады, сол себептен олардың популяциясына қауіп төніп тұған жоқ.

Fergana.agency: Бұл басылым беттерінен Қазақстандағы бай азаматтардың бірі қайтыс болғаны жайында оқуға болады. Яғни ақпанның 3-і күні қазақстандық белгілі кәсіпкер және Eurasian Resources Group компаниясының ірі акционері Алиджан Ибрагимов қайтыс болған. 

Басылымның хабарлауынша, кәсіпкер қазасының ресми себебі айтылмай отыр. Кейбір деректер бойынша, Ибрагимов екі ай бұрын Бельгия ауруханаларының біріне коронавирус дертімен жатқан. Оның жағдайы мүшкіл болған және ол есін жоғалтқан. Алайда Eurasian Resources Group бұл деректі жоққа шығарған.

Forbes.kz хабарлағандай, Алиджан Ибрагимов Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бестігіне кіреді. 2020 жылдың желтоқсан айында оның байлығы 900 млн доллар деп бағаланған.

Гүлмира Қамзиева

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу