Қызылорда облысында өлім - жітім көбейген

6482

АХАТ органдарының мәліметіне қарағанда,  Қызылорда облысында өлім - жітім көбейгені байқалды.

Қызылорда облысында өлім - жітім көбейген

2019 жылдың 1 маусымына Қызылорда облысының халқы 798,5 мың адамды құрады. Алты айда қайтыс болғандар саны 1855, бұл былтырғы жылға қарағанда 5,3%-ға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,61  қайтыс болғандарды құрады.

Биыл облыста 1 жасқа дейінгі 76 нәресте шетінеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16,9%-ға көбейген. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,97%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-мамырында туылғандар саны 7625 адамды құраған. Бұл өткен жылға қарағанда 0,5%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,06 туылғандарды құрады.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында облыс халқының табиғи өсімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 132  адамға немесе 2,2%-ға кеміп, 5770 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 17,45 адамға тең.

Алдын-ала алынған деректер бойынша 2019 жылғы қаңтар-мамырындағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 21429 адам кетіп, облысқа 19808 адам келді. 2018 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 41,2%, ал облыстан кеткендер саны 39,3%-ға көбейген. Облыстың 15915 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды, ал өткен жылы 10632 адамға тең болған.

Облыс халқының 354,4 мыңы, яғни 44,4% қалалықтар болса, 444,1 мың адамды (55,6%) ауыл тұрғындары.

Бұл көрсеткішті 2018 жылдың 1 маусымымен салыстырғанда халық саны 10,8 мың адамға немесе 1,4%-ға  өсті.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу