Қызылордада 42 жазасын өтеуші диплом алды

2632

Қызылорда  қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде  бас бостандығынан айрылғандар  диплом алды.  

Қызылордада 42 жазасын өтеуші диплом алды

Олар колледжі "Электргазбен дәнекерлеуші" және "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы бойынша тәмамдап, мамандық иелері атанды.  Мекеме Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастамашылығымен алты жылдан бері Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі, Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжімен бірлесіп осы жобасын жүзеге асырып келеді.

"Мекеме ішінен колледждің ашылғанына 6 жыл болды. Алты жылда екі жүз елуден астам жазасын өтеуші мамандық иесі атанды. Олар жаза мерзімі аяқталғанша, осы мекемеде ақылы жұмысқа орналасып,  жалақы алып, қылмыспен келтірген шығындарын өтеуге мүмкіндіктері бар",– дейді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі С.Тоқтамысов.  

Қолдарына диплом алғандар темір тордың аржағында ғана емес, бостандықта да алған білімімен жұмысқа орналасады. Мекемеде әртүрлі мамандықтар бойынша ақылы жұмысқа қабылдайтын 9 жеке кәсіпкердің жұмыс орындары бар.

Келесі оқу жылында  Қызылорда құрылыс және бизнес колледжімен келісімшарт негізінде "Ағаш ұстасы" мамандығын ашу жоспарланған.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу