Қызылордада аптап алқымнан алып тұр

1978

Қызылорда өңірінің тұрғындары аптап ыстық салдарынан жұмыстарын тоқтатып, үйден шыға алмай отыр.

Қызылордада аптап алқымнан алып тұр

Қызылорда өңірінде  ауа температурасы  +45 градустан асты. Алайда, ресми емес мәліметтерге қарағанда ашық күн астында 60 градусқа дейін жеткен. Аптап ыстық жүрек-қан тамыры ауруына шалдыққандар үшін қиынға соғып тұр. Құйқаны қуырардай ыстық күні адамдар үйде жан сақтап отыр. Дегенмен күйбең тірліктің соңында жүргендер күн көзінен қолшатыр ұстап қорғануға мәжбүр. Алайда күншуақ түгілі көлеңкенің өзінде байыз тауып тұру мүмкін емес.Тұрғындар су арналары мен субұрқақтар маңында ғана сәл де болса саялап, салқындап алуда. Бетке үрлеген ыстық лептен қашқандар өзен-көлдің жағасына барып байыз табуда. Дегенмен қан қысымы мен жүрегі нашар адамдар үшін бұл күндерді өткеру тіпті қиын.

"Бір күнде 600-ден астам шақыру түсті. Оның 30%-ға жуығын жас балалар құрап отыр. Әсіресе,  жүрек- қан тамыры  науқастарының асқынулары көп байқалып отыр", – дейді  Қызылорда қалалық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Якия Шорабаев.

"Ауа температурасы 50 градустан жоғары болса, төтенше жағдай жарияланады. Дегенмен 43-45 градус ол да өте ыстық болып есептеледі. Сол себептен біз барлық халықты хабардар етіп отырмыз", – дейді  облыстық ТЖД бөлім басшысы Марат Қобыландиев.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу