Қызылордада кәсіби футзал клубы құрылды

Бұл туралы спорт журналисі Әділбек Жақанов хабарлады.  

Қызылордада кәсіби футзал клубы құрылды Фото: Әділбек Жақанов

Оның сөзінше, кәсіби клуб алғашқы қадамын 25-30 тамызда байқап көрмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Сыр өңірінде "Qyzylorda" футзал клубы құрылды! Жаңа команда тек жергілікті талантты аяқдопшылармен жасақталатын болады. Бүгінде аймақтың әуесқойлар лигасында 10 мыңға жуық адам шағын футболмен шұғылданып жүр. Клуб алғашқы қадамын 25-30 тамыз аралығында Қазақстан кубогы бәсекесінен бастайды. Негізгі мақсат – биыл футзалдан Қазақстан Бірінші лигасында өнер көрсету, – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Inbusiness.kz сайтының тілшісі бірнеше жыл бұрын "Қызылордада қашан кәсіби футзал клубы құрылады?" деген тақырыпта мәселе көтерген еді. 

Бұған дейін Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қызылорда футзалы туралы айта кеткен еді. 

– Біз ашық ұйымбыз және әрқашан клубтармен байланыс орнатуды қалаймыз. Мен чемпионаттың географиясын ұлғайту үшін еліміздің көптеген аймағына жиі барып тұрамын. Мәселен, Қызылордада жоғары деңгейдегі футзал дәстүрі қалыптасқан, дегенмен онда кәсіби команда жоқ, – деген еді ол бірер күн бұрын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу