Қызылордада V Ұлттық құрылтайдың жұмысы басталды

Алқалы жиында саяси реформалар, әлеуметтік мәселелер, білім тағы басқа елді алаңдатқан түйткілдер ашық талқыланбақ. 

Қызылордада V Ұлттық құрылтайдың жұмысы басталды Фото: Нұрболат Нұржаубай

Өйткені, бұған дейін де Ұлттық құрылтай бастамасымен бірқатар маңызды заң қабылданған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ел дамуының өзекті мәселелері талқыланатын Ұлттық құрылтай 2 күнге созылады. Құрылтайдың бірінші күні 4 панельдік секция аясында отырыстары өтіп жатыр. Мысалы, әлеуметтік-мәдени даму секциясында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз алса, білім және ғылым мәселелеріне арналған секцияға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жетекшілік етуде. 

Бүгінгі күннің екінші жартысында азаматтық қоғамды дамыту мен экономикалық өсімге қатысты тақырыптар қамтылмақ. Бұл секцияларда қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық даму тетіктері талқыланады. 

Құрылтай мүшелері Қызылорда қаласындағы әлеуметтік, мәдени және инфрақұрылымдық маңызы бар бірқатар нысанды аралап, өңірдің даму барысымен танысады деп жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу