Қызылордада жүз мыңнан астам адам сапалы ауызсуға зәру

2778

Енді бір оператор иелік еткендіктен, шөлейтті жердегі елдімекендердің  83%-ы сумен қамтылды.

Қызылордада жүз мыңнан астам адам  сапалы ауызсуға зәру

Қызылорда облысы тұрғындары күні кешеге дейін ауызсуды тасып ішті. Енді бір оператор иелік еткендіктен, шөлейтті жердегі елдімекендердің  83%-ы сумен қамтылды. Қалған жүз мыңдаған тұрғын кезегін күтулі.  

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинның айтуынша, бұрын ондаған мекеме бір-біріне бағынбай саланы бетімен жіберген еді. Қазір "ҚазСуШар" мекемесі "Арал" филиалы бірыңғай оператор болып қайта құрылды. Соның нәтижесінде, су пайдаланушыларға бірыңғай тариф бекітілді. Материалдық-техникалық базасы жақсарып, тұтынушылардан түсетін арыз-шағым азайды. Тәулік бойы су алатын елдімекендер саны 88-ден 145-ке дейін көбейді. Қазіргі таңда облыста 235 елдімекен бар. Қызылорда, Арал, Қазалы қалаларындағы халықтың 98 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылды.

Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарына әлеуметтік маңызы бар жалпы құны 29 млрд теңгені құрайтын сумен жабдықтау және су бұрудың 14 жобасы енгізілді. Қазіргі таңда Қызылорда облысында 792 562 тұрғын бар болса, осы оннан астам жобалар іске асқан кезде ғана 111 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу