Қызылордалық азамат ауылда құстар бағын ашқысы келеді

3396

Ауыл тұрғыны үй ауласында сан алуан құс түрін өсірумен айналысады. 

Қызылордалық азамат ауылда құстар бағын ашқысы келеді

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік ауылының тұрғыны Ержан Исаханов өз ауласында құстардың бірнеше түрлерін өсіріп отыр. Оның ішінде мысыр тауығы, қырғауыл, кекілік,  Пушкинский, Брамо тұқымдас тауықтар, үндік, етті бағыттағы үйректің бірнеше түрлері бар. Жетпіс бес бас құсты өсіру де оңайға түспейді. Бұған ешқандай несие алмаған. Жеке өзінің қаражатына жинаған құстарды өсіру кезінде ит-құс маза бермейді екен. Өткенде мәлін бір түнде отыз тауықтың басын қиып кеткен.  

"Алдағы уақытта тағы да бөдене, тауыс, қаз ұстағым келеді. Түпкі мақсатым – осы ауылдағы балаларға шағын зоопарк ретінде құс түрлерін көрсетіп, табиғатты аялауға баулымақпын. Қазір өз инкубаторымда 100 жұмыртқа бастырып жатырмын. Елбасының Астана маңындағы "Жасыл аймақ" белдеуін өсіріп, оған тікелей өзі басшылық жасап, жылда қырғауыл, елік жіберіп жүргенін үлгі тұтамын. Осы қарт Қаратаудың баурайында Ақүйік өзенінің бойындағы талдардың ішіне қырғауыл, мысыр тауығын жібермек ойдамын. Үкімет тарапынан қаржылық қолдау болса, құстардың шағын бағын жасамақпын", – дейді Ержан Исаханов.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу