Қызылордалық полицей каратэден әлем чемпионы атанды

248

Дүниежүзілік спорт додасына 50-ден астам мемлекеттен өкілдер қатысқан.

Қызылордалық полицей каратэден әлем чемпионы атанды Фото: Polisia.kz

Қызылорда облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полиция аға лейтенанты Кемелбек Қабланбек Египет астанасы Каирде каратэден ересектер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордалық тәртіп сақшысы Армения, Ресей, Египет спортшыларымен сынға түскен.

Айта кетейік, полицейдің жасы – небәрі 24-те, спорттың бұл түрімен 2009 жылдан бері айналысып келеді. Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионы, Азия, Әлем чемпионаттарының жүлдегері болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу