Қызылорданың ЕАЭО елдерімен саудасы бір жарым есеге артқан

4187

Биылғы алты айда өткен жылмен салыстырғанда ЕАЭО елдерімен сауда көлемі 1,5 есеге көбейген.

Қызылорданың ЕАЭО елдерімен саудасы бір жарым есеге артқан

Облыстық статистика басқармасының мәліметіне қарағанда, биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 45836 мың АҚШ долларын құрады. Соның ішінде экспорт – 28946,1 мың АҚШ доллары (2,3 есе көп), импорт – 16890 мың АҚШ доллары (7,5% кем).

Қызылорда облысының экспортының  62,7% бейорганикалық химия өнімдері құрады. Минералды өнімдер – 31,1%, тұз – 27,6%, табиғи құмдар – 2,8%, мұнай өнiмдерi – 0,7%, мал өнімдері, азық-түліктер – 6,1%,күріш – 4,6%, балық 1,5% болды.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қызылордаға көп көлемде машиналар және жабдықтар, көлік құралдары және аппараттар әкелінген. Ол жалпы сауда көлемінің  36,1% құрап отыр. Химиялық өнеркәсіп өнімдері – 18,8%, мал және азық-түлік өнімдері – 14,2%, металдар мен металл бұйымдары – 14,2% өңірге жеткізілген.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу