"Қызылжар" командасына жаңа бас бапкер болып 44 жастағы сербиялық маман Милич Чурчич тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Милич Чурчичтің жетекшілігімен "Тобыл" 2023 жылы Қазақстан Кубогын, 2024 жылы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
"Қызылжардағы" бапкерлік штабқа екі көмекшісі қосылды. Олар – Сербияның жастар және ұлттық құрамаларындағы жұмысымен танымал Иван Евич пен дене шынықтыру бойынша тәжірибелі жаттықтырушы Евгений Кресик.
ҚПЛ-дың жаңа маусымында петропавлдық команда 4 матчтан кейін 2 ұпай еншілеп, 11-орынға тұрақтады. Дегенмен Қазақстан Кубогының 1/8 финалында "Қызылжар" командасы "Қайсарды" 1:0 есебімен жеңіп, алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.