Lada автокөліктерінің бағасы 6%-ға қымбаттайды

33065

"БИПЕК АВТО –  АЗИЯ АВТО" филиалдарында отандық Lada автокөліктерінің бағасы 200 мың теңгеге дейін қымбаттайды деп болжанды.

Lada автокөліктерінің бағасы 6%-ға қымбаттайды

"АЗИЯ АВТО" АҚ мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы елде 3325 отандық өндірістің Lada автокөлігі сатылды, жалпы сатылым тарихында осы ресейлік брендтің 8146 автокөлігі сатылды. Жыл соңында стандартты жиынтықтағы Granta моделінің құны шамамен 2,5 млн теңгені құрады. "БИПЕК АВТО – АЗИЯ АВТО" автохолдингінің аймақтардағы және астанадағы өкілдіктерінде айтылғандай, 2017 жылы шыққан автокөліктердің бағасы шамамен 200 мың теңгеге қымбаттайды. Компания бұл жағдай бойынша түсіндірме берген жоқ,  автокөліктердің құны 2017 жылдың бірінші ширегінде сатылым басталған кезде жарияланады дейді.

"Автокөліктің құнына қосымша құн салығы қосылады (ҚҚС), сондықтан баға түбегейлі өзгереді. Бұрын оны төлемейтін едік, енді төлейміз. Бұл жаңалық жария етілгенде біз де таң қалдық. Сондықтан салық салудағы айырмашылық салдарынан баға өзгереді", - деп мәлімделді abctv.kz-пен әңгіме барысында "БИПЕК АВТО – АЗИЯ АВТО" астаналық филиалында.

Бұл сөзді "ҚазАвтоӨндіріс" Қазақстан автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы басшылығының төрағасы Олег Алферов те растайды:

"Бұрын Қазақстан өндірушілеріне ҚҚС төлеу бойынша берілген жеңілдіктің әрекет ету мерзімі 2017 жылы аяқталды. Бұл жайт бәсеге қабілеттілікті төмендетіп, заңды түрде отандық автокөліктердің қымбаттауына әкелетінін мойындау керек. Мұндай әсерді білдіртпеу үшін автонесиелерді жеңілдікпен беру бағдарламаларын қосымша капиталға айналдыру және өнімді жеткізуге субсидия бөлу сынды бұл саланы қолдаудың баламалы шараларын қолдануға болар еді".

"БИПЕК АВТО – АЗИЯ АВТО" КТ-да айтылғандай, Қазақстандағы LADA автокөлігінің қазіргі бағалары "АВТОВАЗ" ЖАҚ-тың баға көтеруі ескеріліп белгіленді. Еске сала кетейік, жыл басында  ресейлік "АвтоВАЗ" компаниясы өз өнімінің бағасын көтерді. 2017 жылдың қаңтарында олардың сайтында жарияланған бағалар тізімінде "АвтоВАЗ" бағаларды келесі түрде жоғарылатты: Lada 2-3%-ға қымбаттады. Сондай-ақ Granta-ның (седан) бастапқы бағасы 1,6%-ға, Lada Vesta (седан)  3,2%-ға жоғарылады. "БИПЕК АВТО" сайтында орналастырылған ақпараттан түйгеніміз, ресейлік брендтің 2017 жылы шыққан автокөліктерінің бағасы орташа есеппен 5-7%-ға өсті.

 "БИПЕК АВТО – АЗИЯ АВТО" филиалдарында 2017 жылғы автокөліктер вагондарда бар және оны жеткізуге болатынын айтады. Баса назар аудару керек, Lada маркалы автокөліктердің бағасы "БИПЕК АВТО" сайтында қаңтар айының басында бірнеше күн бойы көрсетілмей келді (отандық өндірістің қалған брендтерінің бағасы белгіленген – автордң ескерпесі). Делдалдық салондарда 2016 жылдан қалған көліктер 2,5 млн теңге бағасымен сатылып жатқанын түсіндірді. Компанияның бағалар тізіміне сәйкес 2017 жылы шығарылған Lada Granta-ның бағасы 2,7 млн теңгеден басталады.

Жергілікті жерде құрастырылған автокөліктер ішінде көш бастап отырған "АЗИЯ АВТО" АҚ-ның өнімі деп көрсетіледі "ҚазАвтоӨндіріс" одағында: 6928 автокөлік сатылды, бұл отандық жеңіл автокөлік сатылымының 59,9%-ын құрайды. "Аллюр" компаниялар тобына кіретін "СарыарқаАвтоӨндіріс" ЖШС 3066 автокөлік өткізді. Кәсіпорынның үлесі 25,2%-ды құрады.

Қазақстанның жеңіл автокөлік өндірушілерінің ішінде екінші орынды иеленген "СарыарқаАвтоӨндіріс" ЖШС-на кіретін "Аллюр" компаниялар тобы" АҚ өз кезегінде мынаны мәлімдеді: "Біздің компания автокөліктің бағасын былтырғы деңгейде сақтауға тырысады. Тек қажеттілік туып жатса ғана автокөлік бағасы сәл жоғарылайды",  - дейді компания баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, бұл компания SsangYong, JAC, Peugeot сынды брендтердің автокөліктерін шығарады.

Бүгінде ҚАБҚ (Қазақстан автобизнес қауымдастығы – автордың ескертпесі) мәліметі бойынша отандық жеңіл автокөліктің құны 4,3-5,3 млн теңге шамасында тұрақтап тұр. Құны үш млн теңгеге дейінгі автокөліктер келесідей маркалар бойынша ұсынылады: Lada – алты модель, UAZ – бес модель, Renault, Geely және Daewoo брендері үш модельден ұсынады.

2016 жылдың қарашасында жалпы сатылым көлемінде Отанымызда құрастырылған автокөліктерінің үлесі 31%-ға жетті, 2015 жылдың қарашасында 17% болған. Орташа есеппен алғанда  өткен жылдың ішінде отандық өндірушілердің сатылым көлемінде 20-25% шамасында болды. Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылдың тамыз айында орын алды.

Татьяна Шестакова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу