Латвия Ресейді "терроризмнің демеушісі" деп таныды

2018

Шілде айының соңында АҚШ Сенаты Ресейді "терроризмнің демеушісі" деп тануға бағытталған қарарды қабылдаған еді.

Латвия Ресейді "терроризмнің демеушісі" деп таныды

Латвия Сеймі 11 тамызда Ресей Федерациясын "терроризмді қолдайтын мемлекет" деп таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz BB.lv сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті депутаттар Украинаның және басқа елдердің бейбіт тұрғындарына қарсы Ресейдің зорлық-зомбылық әрекетіне "терроризм" деген баға берді.

Осы орайда Латвия ЕО елдерін Украинаға әскери, қаржылық, гуманитарлық және дипломатиялық қолдау көрсетуін арттыруға, Ресей Федерациясының әскери әрекеттерін айыптауға, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды. Сонымен қатар Ресейді халықаралық және аймақтық ұйымдардан оқшаулау ұсынылды.

Депутаттар Мәскеудің әскери агрессиясының жақтаушысы ретінде Беларуське де дәл сондай санкциялар енгізуді ұсынды.

Шілде айының соңында АҚШ Сенаты Ресейді "терроризмнің демеушісі" деп тануға бағытталған қарарды қабылдады. Қарарда Шешенстандағы, Грузиядағы, Сириядағы және Украинадағы оқиғалар бұл шешімді қабылдауға себеп болғаны жазылған. Ресейді бұл тізімге енгізуді Киев ұсынған болатын.  

Табиғат Нұрболат

Фото: globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу