"Команда сапында 5 жыл жұмыс жасасамда, әлі де "Астананың" өнер көрсеткеніне және көшбасшыларымыздың атқарған жұмысына тәнтімін. Мұнда өзімді үлкен бір отбасының мүшесіндей сезінемін. Команданың барлық мүшесімен жақсы қарым-қатынастамын.Шабандоздарымыз өте тамаша. Сонымен қатар команда қызметкерлері мен спорттық директорлар да өте жақсы. Мен - командалық ойыншымын. Осы команданың бір бөлшегі екенімді, әсіресе, биылғы 2019 жылғы сәтті маусымнан кейін команданы мақтан тұтамын. Алдағы маусымда бұдан да жақсы өнер көрсетсем деген мақсатым бар. Келесі маусымға қызу дайындық қазірден басталып кетті. Командамен желтоқсан айында болатын жаттығу жиындарын асыға күтудемін. 2020 жылы бұдан да жақсы жетістіктерге қол жеткіземіз деп ойлаймын", - деді Лауренс Де Вриз.
Лауренс Де Вриз (31 жаста) "Астана" командасына 2015 жылы келіп қосылған. Ол командалық сапқа тұру барысында ең маңызды шабандоздардың бірі. Лауренс көшбасышларға классикалық жарыстарда да, көпкүндіктерде де көмектеседі. Биылғы маусымда Де Вриз Горка Исагирреге "Прованс Турын" жеңіп алуға және "Андалусия Вуэлтасында" Якоб Фульсангқа жеңіске жетуге көмектесті.
"Лауренс "Астана" сапында бес маусым өнер көрсетті. Біз оны 100% мықты шабандоз деп білеміз. Әрбір жарыста оған арқа сүйей ала аламыз. Себебі ол командалық жұмыс пен стратегияға, командалық ортақ мақсаттар үшін бар күшін салады. Биыл Лауренстің көшбасшыларымызға жеңіске жету үшін көмектескенін көрдік. Бірақ басқа жарыстарда да әріптестеріне барынша жақсы нәтиже көрсету үшін көмектесті. Одан бөлек, Лауренс мінезі ашық-жарқын, ерекше адам. Командада өзіндік орны бар адам" - деді "Астананың" бас менеджері Александр Винокуров.
Ермұхамед Мәулен