РФ Сыртқы істер министрінің мұны "елдің келіссөздерге деген ұмтылысы" деп есептейтінін BBC-ге сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлайды.
Лавров бұл туралы БРИКС аясындағы министрлер кездесуінің қорытындысында өткен баспасөз-мәслихатында айтқан.
– Путин жариялаған біздің ұсынысымыз – алдын ала шарттарсыз тікелей келіссөз жүргізудің бастамасы. Татуласу қазіргі таңда Киев режимін одан әрі қолдауға, оның әскери қабілетін нығайтуға бағытталған алдын ала шарт ретінде қарастырылады, – деп мәлімдеген ол.
Осыған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио "Ресей мен Украина арасындағы келісімге жақын күндері қол қойылуы керек" деген сөзіне де Лавров пікір білдірген еді.
– Біз олардың шыдамсыздық танытуын түсінеміз, америкалық мәдениет бойынша сіз елді күттіресіз және осы арқылы жағдайды ушықтырасыз. Бұл нақты саясатпен айналысуға мүмкіндік бермейді, – деген болатын ол.
Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс күніне орай 8-10 мамыр аралығында Украинада 72 сағаттық біржақты атысты тоқтату жариялады. Десе де, Украина президенті Владимир Зеленский бұл ұсынысты "манипуляция" деп атаған, себебі ол атысты тоқтатуға нақты әрі ұзақ мерзімді бітім қажет екенін еске салады.
Осыған дейін Трамп Зеленскийге риза, Путинге разы емес екенін жазған едік.