Ләззат Күнгейбаева марокколық боксшыдан айласын асыра ала ма?

928

Ләззат Күнгейбаева аса ауыр салмақта өнер көрсетеді. 

Ләззат Күнгейбаева марокколық боксшыдан айласын асыра ала ма?

Бүгін, 26 наурыз Нью-Делиде (Үндістан) әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтеді. Бүгін финалда 81 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін қазақстандық Ләззат Күнгейбаева марокколық Хадиджа Мардиге қарсы рингке шығады. Қазақстандықтың қарсыласы әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Жекпе-жекті Qazsport телеарнасы көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 18:30-ға жоспарланған.

Ал 25-наурыз финалда өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 57 келіге дейінгі салмақта Карина италиялық Ирма Тестадан жеңіліп қалды. Қалай болғанда да, бұл нәтиже Ибрагимованың мансабындағы ең жақсы нәтиже болды. Себебі ол бұған дейін екі рет - 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Ибрагимова Азия чемпионы.

Ал Фариза Шолтай әлем чемпионатында финалға өте алмады. 81 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда оны қытайлық Ван Лина тізе бүктірді. Нәтижесінде төртінші қазақстандық былғары қолғап шебері әлем чемпионатының финалына шыға алмай, қола медальды қанағат тұтты.

Бұған дейін Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін) және Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін) 1/2 финалда жекпе-жекте жеңіліп, қола жүлдегер атанған болатын. 

Бүгін Үндістан астанасында әйелдер арасындағы әлем чемпионатының соңғы жарыс күні. Биылғы додада 60 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласты. Енді чемпиондар Халықаралық бокс қауымдастығынан 100 мың, күміс медаль иегерлері 50 мың, қола 25 мың АҚШ долларын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу