Ләззат Рамазанова "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2542

Ол 2015 жылдан бері "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесін басқарып келеді.

Ләззат Рамазанова "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының шешімімен Ләззат Рамазанова ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Лаззат Рамазанова Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін (1990-1995), Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын (1998-2001) бітірген.

1995-1998 жылдары Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығында еңбек еткен.

1998-1999 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі болып қызмет атқарды.

1999-2002 жылдары ҚР қаржы министрінің хатшылығында еңбек етті.

2002 жылы ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы болды.

2003-2005 жылдары "Dala group" ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, кейіннен бас директоры болды.

2006-2007 жылдары ҚР қаржы министрлігінің аппаратына жетекшілік етті.

2007-2008 жылдары ҚР қаржы министрлігі дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2008-2009 жылдары ҚР қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2011-2013 жылдары ҚР қаржы министрлігі қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры болып еңбек етті.

2013 жылдан "Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасы хатшылығының басшысы қызметін атқарып келеді.

2015 жылдан "Атамекен" ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

Сондай-ақ 2017 жылдан Ұлттық олимпиада комитеті президентінің кеңесшісі.

ҚР президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу