Легионерлерді қуып жібергелі "Барыс" қарқынын күшейтті

Хоккей клубына қазақ бапкері тағайындалған болатын. 

Легионерлерді қуып жібергелі "Барыс" қарқынын күшейтті Фото: vesti.kz

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" сырт алаңда "Нефтехимик" командасын жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ғалым Мәмбетәлиев жаттықтырғалы отандық клуб төртінші жеңісін тойлап отыр. Жерлестеріміз қонақта Ресейдің "Нефтехимик" (Нижнекамск) командасымен ойнап, жеңіс шайбасын овертаймда соқты. 

Екі күн бұрын ғана қос команда кездесу өткізіп, қарсыластарға 4:1 есебімен жол берген еді. Бұл жолы "Барыстың" екпіні бөлек болды.

Алғашқы шайбаны ойынның 18-минутында астаналық команда сапынан Әлихан Өмірбеков соқты.Екінші кезеңде екі команда бір-бірінің осал тұсын таба алған жоқ. Шешуші кезеңде "Нефтехимик" сапынан Жан-Себастьен Ди есепті теңестіріп кетті. 

Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталғанымен, овертаймда "Барыс" ойыншысы Кирилл Панюков жеңіс шайбасын салды. 

Осылайша, елорда клубы легионерлерін қуып жібергелі және қазақ бапкерін тағайындағалы бері төртінші жеңісін тойлап отыр. 

"Барыс" келесі екі ойынын түзде өткізбек. Алдымен 15 қарашада "Салават Юлаевқа" (Уфа) қонаққа барса, 17 қарашада "Сочиге" қарсылас атанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу