Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылардың есімдері белгілі болды
Жер жаһанның кіл мықтылары сынға түсетін әлем чемпионатында 20 қазақстандық былғары қолғап шебері ел намысын қорғайды.
style="text-align: justify;">World Boxing (WB) аясында өтетін алғашқы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды. Дебюттік дода 4–14 қыркүйек күндері Англияның Ливерпуль қаласында өтеді. Бұл тарихи бәсекеде Қазақстан жұлдызды құрамын жасақтап отыр.
Елімізден әлемдік аренаға 20 боксшы аттанады. Қазақстан барлық салмақ дәрежесінде сынға түседі. Әйелдер құрамасының көшін үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бастайды. Сондай-ақ 2025 жылғы әлем чемпионатындағы екінші алтын үшін IBA тұжырымы бойынша өткен жарыс жеңімпаздары Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева бақ сынайды.
Әйелдер құрамасы (Қазақстан) – ӘЧ-2025, бокс
• 48 кг – Назым Қызайбай
• 51 кг – Алуа Балкибекова
• 54 кг – Элина Базарова
• 57 кг – Карина Ибрагимова
• 60 кг – Виктория Графеева
• 65 кг – Аида Әбікеева
• 70 кг – Наталья Богданова
• 75 кг – Надежда Рябец
• 80 кг – Гүлсая Ержан
• 80+ кг – Елдана Тәліпова
Ерлер құрамасы (Қазақстан) – ӘЧ-2025, бокс
Қазақстан құрамасына 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған үш боксшы – Санжар Тәшкенбай, Махмуд Сабырхан және Нұрбек Оралбай енді. Сондай-ақ 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов ұлттық құрамаға қайта қосылды.
• 50 кг – Санжар Тәшкенбай
• 55 кг – Махмуд Сабырхан
• 60 кг – Бейбарыс Жексен
• 65 кг – Ертуған Зейнулинов
• 70 кг – Торехан Сабырхан
• 75 кг – Сабыржан Аққалықов
• 80 кг – Нұрбек Оралбай
• 85 кг – Бекзад Нұрдәулетов
• 90 кг – Сағындық Тоғамбай
• 90+ кг – Айбек Оралбай
Қазіргі уақытта қос құрама Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Апта соңына дейін Ұлыбританияға барып, оннан астам елдің боксшыларымен бірге бірлескен дайындыққа қосылады. Тарихи дода алдындағы соңғы дайындық кезеңі Англияның Шеффилд қаласында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу