Игита мұндай шешімі бар екенін Беларусь құрамасын 5:4 есебімен жеңген матчтан кейін жеткізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
40 жастағы қақпашы кездесуде қарсыластың бірнеше қауіпті соққысына тосқауыл қойып, өзі де гол соқты. Ойын аяқталған соң командаластарына ұлттық құрамамен қоштасуға дайындалып жүргенін айтқан.
"Мен ойын туралы ойлап, қатты толқыдым. Мұндай сезімді көптен бері бастан өткермеппін. Киім ауыстыратын бөлмеде де эмоциямды жасыра алмадым. Тіпті, командаластарымнан кешірім сұрадым, толқығанымнан айтқым келген ойымды толық жеткізе алмадым. Қазақстан үшін, маған есігін ашқан осы ел үшін ойнау – мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақстан – менің үйім, менің жерім. Бұл ел мені де, жұбайым мен қызымды да құшақ жая қарсы алды", – деді Игита.
Бразилияда дүниеге келген Игита Қазақстан құрамасының жейдесін алғаш рет 2013 жылы киді. Содан бері ұлттық команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, ел футзалының халықаралық аренадағы жетістіктеріне үлес қосты.
Ол Қазақстан құрамасымен бірге 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола медаль иеленді. Ал 2021 жылғы әлем чемпионатында ұлттық команда жартылай финалға дейін жетіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Қазір Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатына жолдама алу үшін жанталасып жатыр. Команда келесі ойынын 10 қарашада Беларусь құрамасына қарсы сырт алаңда өткізеді. Ал 9 желтоқсанда Астанада Албания құрамасын қабылдайды.