Өкінішке қарай велодода күні ауа-райы өте қолайсыз болды. Төмен температурамен қоса шабандоздар жаңбыр мен қардың астында қалды.
Astana Qazaqstan Team капитаны Алексей Луценко басқа фавориттердің шабуылдарынан кейін үнемі алда болып, жарыс жолын тамаша жүріп өтті. Нәтижесінде Қазақстан чемпионы фавориттердің құрамында, мәреге жарыс жеңімпазы Тадей Погачардан екі минуттан кейін жетті. Көшбасшылар тобынан спринтте Луценко 8-орынға ие болды, Осылайша қазақстандық шабандоз Льеж-Бастонь-Льежде үздік ондық қатарынан табылды.
Велодода аяқталған соң Алексей Луценко жарысқа қатысты өз пікірін білдірді.
"Бүгін команда маған көп көмектесті! Бұл нағыз бельгиялық ауа-райы еді. Бірнеше рет киім ауыстырдым, күртеше, қолғап кидім… Командаластарым үнемі қасымда болды және олар керемет жұмыс жасады. Симоне Веласко мен Кристиан Скарони маған жақсы позицияны сақтауға көмектесті және Ла Редуттың негізгі асуына дейін олар мені алға шығарды. Міне, дәл сол жерде нағыз жарыс басталды. Ал оған дейін Игорь Чжан тамаша жұмыс атқарды. Ол теледидардан көрінбеді, бірақ бұл команда үшін өте маңызды болды. Сонымен, біздің команданың жұмысына көңілім толады. Енді "Романдия турына" барамын. Онда жоғары нәтижелер үшін күресуді жалғастырамын. Бүгін үздік ондыққа іліктім. Бірақ, жеңіс тұғырына көтерілсем керемет болар еді", — деді Алексей Луценко.
Льеж — Льеж. 254.5 шақырым
Тадей Погачар (Словения, "UAE Team Emirates") — 6:13:48
2. Ромен Барде (Франция, "dsm-firmenich PostNL") — +1:39
3. Матье Ван дер Пул (Нидерланды, "Alpecin-Deceuninck") — +2:02
Алексей Луценко (Қазақстан, "Астана")
34. Симоне Веласко (Италия, "Астана") — +4:46
53. Кристиан Скарони (Италия, "Астана") — +13:10
63. Антон Чармиг (Дания, "Астана") — +15:09
76. Сантьяго Умба (Колумбия, "Астана") — +17:08
79. Лоренцо Фортунато (Италия, "Астана").