Лицензиялық турнирде бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады

415

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін, 1 маусымда қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Лицензиялық турнирде бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады Фото: boxingkazakhstan

Ел құрамасынан 1/8 финалда Валентина Хальзова (75 келі) сағат 12:15-те моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатармен кездеседі.

Ал 16:30-да 1/8 финалда Назым Қызайбай (50 келі) ұлыбританиялық Саванна Стублеймен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ 18:45-те Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) бесінші жолдама үшін колумбиялық Хосе Мануэль Виафарамен қолғап түйістіреді. Бұл жұптың жеңімпазы Александру Параскив (Молдова) пен Эмилио Гарсия (АҚШ) жұбының жеңімпазымен жолдаманы сарапқа салады. 

Таиландтағы іріктеу турнирінде Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолын аяқтады.

Қазір Қазақстан құрамасы қоржынында Париж Олимпиадасына ерлерде 6, әйелдерде 1 жолдама бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу