Лимонадтан тартразин табылды

3387

Қарағанды облысында "Натахтари" сусынын сатуға тыйым салынды.

Лимонадтан тартразин табылды

Қарағандылық Ержан есімді азамат "Натахтари" лимонадын ішкен балаларының бойында бөртпе пайда болғанына шағымданып, "Гарант" тұтынушылар құқығын қорғау қоғамына барған.

Аталмыш қоғам өкілдері Қарағандыда лимонадты тексерте алмай, сарсаңға салынған. Оларға Қарағандыдағы ұлттық сараптама орталығының филиалы мұндай сусынның құрамын сараптай алмайтындарын айтқан. Осыдан кейін қоғам өкілдері тәтті суды Алматыдағы тәуелсіз сараптама орталықтарының біріне апарып тексерткен. Нәтижесінде лимонадтың құрамында тартразин Е102 мен азорубин Е122 бояғыштары бар екені анықталған. Бұлар зиянды қоспа саналады. Дегенмен оны тиісті мөлшерде Қазақстанда пайдалануға рұқсат берілген. Ал "Натахтаридің" сыртқы қағазында тек табиғи қоспа бар деп көрсетілген.

"Бұл екі бояғыш балалардың зейіні мен белсенділігіне кері әсер етеді. Өнім өндіруші тәтті суда бұл қоспалардың бар екенін көрсетсе, оны сатып алушылардың саны бірден азаятынын білген. Сондықтан сусынның сыртындағы қаптамаға лимонадтың құрамын жазбаған. Алдағы уақытта Қарағанды облысы аумағында "Натахтари" сусыны сатылмайды. Дүкен сөрелері аталмыш сусыннан босатылады ", – деп мәлімдеді "Гарант"тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының төрағасы Жаслан Айтмағанбетов.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу