Ломакин қатарынан екінші рет ITF турнирінің чемпионы атанды

626

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жүлде қоры 15 000 АҚШ долларын құрайтын ITF World Tennis Tour сериясының турнирінде жұптық сайыста жеңімпаз атанды.

Ломакин қатарынан екінші рет ITF турнирінің чемпионы атанды

Григорий Ломакин Тегеранда бір апта бұрын ресейлік Егор Агафоновпен бірге өнер көрсетті. Бұл жұп тағы да жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелді. Жарыстың алғашқы айналымында Ломакин мен Агафонов Артем Дорофеев (Франция) / Тушар Мадан (Үндістан) жұбын - 7:5, 5:7, 10:7, ширек финалда ресейліктер Александр Чепик пен Денис Клок  6:3, 7:6 (7:3), ал жартылай финалда жарыстың үшінші ракеткалары болып тіркелген түрікиялық теннисшілер Ченгиз Ақсу мен Гокберк Сарытастан - 5:7, 6:0, 10: 2 есебімен басым түсті. Шешуші кездесуде Григорий мен Егор үндістандық жұп – Яш Чаурасия/Исхаке Экбалмен кездесіп, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланды) қаласында өткен ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды. Ол эквадорлық Гонсало Эскобармен шешуші матчта жарыстың бірінші ракеткалары британдық Нил Скупски мен голландиялық Уэсли Кулхофпен кездесті. Екі сетке ұласқан керемет финал 7:6 (7:1), 6:2 есебімен Нил мен Уэслидің пайдасына аяқталды.

Недовесов үшін бұл биылғы жылғы ATP 250 сериялы турнирлеріндегі екінші финал болды. Сәуірде Александр португалиялық Франсиско Кабралмен бірге Банья-Лукада жүлде қоры 630 мың еуродан асатын жарыстың финалына шықты. Бірақ, өкінішке орай жеңіліп қалды. Жалпы қазақстандық теннисші спорттық мансабында жұптық сайыста ATP 250 сериясы бойынша төрт мәрте финалға дейін жеткен екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу