Лондонда Қазақстанның ең үздік банкі таңдалды

4141

АТФ Банк өз орнын Forte Bank-ке берді.

Лондонда Қазақстанның ең үздік банкі таңдалды

The Banker ағылшын қаржы баспасы Қазақстанның 2017 жылғы ең үздік банкін таңдады. Жиынтық активтер мөлшері бойынша еліміздегі ірі банктердің бестігіне кіретін Forte Bank Bank of the Year in Kazakhstan номинациясының жеңімпазы  атанды. Сыйлықты табыс ету салтанаты 2017 жылдың 29 қарашасы күні өтті.

"Жыл банкі" марапатын алу үшін тек банктің қаржылық тұрақтылығын ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге жалпы стратегия, көп арналы банктік қызмет көрсету және қаржылық интеграция сияқты салаларда жетістіктер болуға тиіс", – деп жазылған Forte Bank-тің The Banker-ден әлеуметтік желідегі парақшасына көшіріп басқан жазбасында

Мұнымен қоса баспа мұнай бағасының төмендеуінен және 2015-2016 жылдардағы Ресейде орын алған проблемадан Қазақстан Республикасының экономикасы зиян көргеніне, сондай-ақ 2014-2016 жылдары Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуі баяулағанына мән берген.

"Әлсіз экономикалық жағдайға қарамастан, Forte Bank 2016 жылы өзінің табысын 7,4 млрд теңгеден 11 млрд теңгеге дейін арттырған және активтер мен капитал деңгейін 172 млрд теңгеге дейін ұлғайтқан", – деп мәлімдеді The Banker.  

The Banker сарапшылары нарықтық позицияларды күшейту, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуі, сондай-ақ бизнестің жаңа бағыттары мен  IT-технологияларды дамыту – Forte Bank-ті жеңімпаз деп тануға негіз болды деп атап көрсетті.

Forte Bank басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Гурам Андроникашвили жеңіс жайын сөз ете отырып, бүгінгі күні Forte Bank Қазақстанда өз капиталының мөлшері бойынша үшінші банк екенін, сондай-ақ капиталдандыру мен өтімділіктің барлық реттеу нормативтері бойынша елімізде көшбасшылар тізіміне кіретінін айтты. Сондай-ақ Гурам Андроникашвили барлық қазақстандық банктер арасында тек Forte Bank екі рейтингтік агенттіктен "Positive"-те кредиттік болжамды арттыруға мүмкіндік алған. Қарашада рейтингті S&P Global Ratings, қазан айында Moody’s Investors Service арттырған.

"2010 жылы "Метрокомбанк" сатып алынған болатын, ол еліміздің банк жүйесінде 30+ орында болды. Біз дәл осы тұстан бастағанымыз есімде. Сол уақыттан бері банк ребредингтен бастап "Метроком"-ның жылдам дамуына дейінгі үлкен жолды жүріп өтті. Оның ішінде  елдегі ШОБ клиенттері үшін орта мөлшерлі табысты банктердің бірі ретінде "Альянс Банк" пен "Темірбанкті" сатып алып, "Альянс Банктің" сыртқы қарыздарын қайта құрылымдап, үш банкті тиімді біріктіріп, әмбебап банк ретінде клиенттерге қызмет көрсетудің тұжырымдамасы мен жаңа бизнес-үлгісін  әзірлеп, енгізіп,  бас кеңсені Астанаға көшіріп, "Альянс" пен "Темірбанк"-тің үлкен проблемалық кредиттерімен жұмыс істеуді бастан өткерді", – деп еске алды ол.

Bank of the Year сыйлығы туралы айтқанда оның 18 жыл бойына беріліп келе жатқанын атап кеткен жөн. Ең үздік банкті әлемнің 141 елінде таңдайды. Қазақстанда соңғы сегіз жылда біріншілік пальмасына ие болғандар арасында "АТФ Банк"АҚ (2016 жыл), "Цеснабанк" АҚ (2013 жыл), "ЦентрКредитБанк" АҚ (2010 жыл) және "Kaspi Bank" АҚ (2009 жылы) бар. Беделді марапат "Қазақстан Халық Банк" АҚ-қа (2015 және 2011 жылдары) және "Еуразиялық банк" АҚ-ға (2014 және 2012 жылдары) екі рет берілген. The Banker сыйлығын алу бойынша "Қазкоммерцбанк" рекордсмен деуге болады. Бұл банк аталмыш сыйлықты 2000 жылдан бастап 2005 жыл аралығында алты жыл қатарынан алған.

Гүлназ Ермағанбетова, Элина Гринштейн

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу