Лопес: Жақсы нәтиже көрсету үшін бар күшімді саламын

1322

"Астана Про Тим" шабандозы Мигель Анхель Лопес "Тур де Франс" Гранд-турының 19-кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы есепте 3-орынды сақтап қалды.

Лопес: Жақсы нәтиже көрсету үшін бар күшімді саламын

Бурк-ан-Брестен басталған "Тур де Франстың" 19-кезеңі 166.5 шақырымнан кейін Шампаньольде аяқталды. 12 шабандоздан құралған топ финишке 24 шақырым қалғанда пелотоннан айтарлықтай басымдылыққа ие болды. Кейінірек сол топтан шабуылға шыққан дат шабандозы Сорен Крал Андерсен "Тур де Франстың" кезеңдеріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Ал пелотон финишке жеңімпаздан жеті жарым минуттан кейін келді. Көпкүндіктің фавориттері жарысты бірге аяқтады. "Астана Про Тим" өкілі Мигель Анхель Лопес жарыс жолын командаластарымен бірге, еш қиындықсыз мәреге келді.

"Күні бойы жақсы жұмыс атқарған командаға рахмет! Жарыс жүйке жұқартарлықтай болды әрі өте жылдам қарқынмен өтті. Біз бүгінгі күнді еш қиындықсыз өткіздік. Енді бар ойымыз бүгін өтетін жекелей уақытқа арналған сайыста. "Тур де Франста" жақсы нәтиже көрсету үшін бар күшімді саламын", - деді  Мигель Анхель Лопес.

Велокөпкүндіктің барлық фавориттері мәреге бірге келді. Бұрынғысынша, Примож Роглич сары жейдеде, Тадей Погачар – 2-орында, +0.57, Мигель Анхель Лопес – 3-орында, +1.27. Француздық көпкүндіктің 20–кезеңі бүгін өтеді. Шабандоздар ұзақтығы 36.2 шақырым болатын, қиындығы 1 дәрежелі Ла-Планш-де-Бей-Фий асуын жүріп өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу