Лоукостерге мінген жолаушылар діттеген бағытқа қарай тұрып ұшуы мүмкін

238

Әзірге бірде бір әуе компания мұндай орындарды енгізетінін ресми түрде растамады.  

Лоукостерге мінген жолаушылар діттеген бағытқа қарай тұрып ұшуы мүмкін Фото: azertag.az

Бюджеттік әуе компаниялары 2026 жылы қауіпсіздік сынақтарынан сәтті өткеннен кейін тұрып тұратын орындарды іске қосуы мүмкін. Жұмсақ қаптамамен жасалған бұл орындар жолаушыларға сүйенуге мүмкіндік береді, олар отыруға арналмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты AZERTAC-ға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бұл әр рейстің жолаушы сыйымдылығын 20 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

AZERTAC шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Skyrider тұрып баруға арналған орындықтарды алғаш рет 2018 жылы италиялық Aviointeriors компаниясы таныстырды. Бұл креслолар тек екі сағаттан аспайтын қысқа қашықтықтағы рейстерге арналған деген жоспар болған.

Ryanair әуе компаниясының бас директоры Майкл О'Лири бұл тұрып баруға арналған орындықтар идеясын 2012 жылдан бері қолдап келеді. Сөзінше, мұнда билет құны небәрі 1 фунт стерлинг болуы мүмкін.

Десек те, әзірге бірде бір әуе компания мұндай орындарды енгізетінін ресми түрде растамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу