LRT екі аптада 1 миллион жолаушыны тасымалдады

63

LRT-ға күн сайын шамамен 75 мыңға дейін жолаушы мінеді. 

LRT екі аптада 1 миллион жолаушыны тасымалдады Фото: Ақорда

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 млн адамға жетті. Күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды.

– Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді. LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқаны әрі инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін жолаушыларға алғысымды білдіремін, – деді Жеңіс Қасымбек.

Әкім атап өткендей, Қосшы бағытындағы LRT-ның екінші кезеңі қолға алынды.

– LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмыстары басталды. Жобаның жүзеге асуы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, – деп жазды шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу