Луценко Giro d'Italia-ның алғашқы кезеңінде жеңіске жетті

1477

Astana Pro Team командасының велошабандоздары Алексей Луценко мен Давиде Мартинелли виртуалды "Джиро д'Италияның" жалпы есебі бойынша көш бастады.  

Луценко Giro d'Italia-ның алғашқы кезеңінде жеңіске жетті

Беделді "Джиро д'Италия" көпкүндігінің ұйымдастырушылары қазақстандық "Astana Pro Team" командасының қатысуымен виртуалды Giro d'Italia жарысын ұйымдастыратынын мәлімдеген болатын. Биыл италиялық Гранд-Тур 9-12 мамыр аралығында өтуі тиіс еді.

Ал, енді көпкүндіктің виртуалды нұсқасына келер болсақ, ол 18-сәуір мен 10-мамыр аралығында өтетін, жеті турдан тұратын киберкөпкүндік. Аталған жарысқа тек кәсіби шабандоздар мен командалар қатысуда. Әр кезеңге үш күн уақыт беріледі. Алғашқы кезең 18-сәуір басталды. Виртуалды тас жолы биылғы жылға жоспарланған "Джироның" 10-кезеңінің бағыты бойынша өтіп жатыр. Сан-Сальво мен Торторето аралығын жалғайтын кезеңнің ұзақтығы 31-шақырым.

1-кезең қорытындысы бойынша тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко 44 минут, 41 секунд уақыт көрсеткішімен үздік нәтижеге қол жеткізді. Ал Италия ұлттық құрамасының шабандозы Элиа Вивиани 2-орынға ие болды. Pro Team Astana командасының тағы бір велошабандозы Давиде Мартинелли үздік үштік қатарынан табылды.

Нағыз "Джироға" Алексей Луценко тек бір рет – 2018-жылы қатысқан. Ол кезде Қазақстан чемпионы италиялық көпкүндікте тек 87-орынға ие болған.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу