Луценко –"Норвегия турының" жеңімпазы

2006

Қазақстан спорт күнін тойлап жатқанда ел чемпионы Алексей Луценко "Норвегияның Арктикалық жарысында" жеңімпаз атанды. 

Луценко –"Норвегия турының" жеңімпазы

"Астана" шабандозы соңғы кезеңде 3-ші болып келіп, жалпы есепте бірінші орынға көтерілді.

"Мен бұл жеңіске қатты қуаныштымын. Соңғы метрлерге дейін шыдап, күресіп, нәтижесінде жеңіске жеткен тамаша екені,рас. Маған команда ғаламат көмек көрсетті. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз. Кеше ауыр кезең болды. Себебі ол жолдың мінездемесі маған ыңғайлы еместін. Сондықтан бүгін жарысқа бел шешіп кірістім. Мен қала ішіндегі айналымдарда шабуылға шығу қажет екенін біліп шықтым да, өзімнің бар күшімді салдым. Мен қанша шабуылдасам да, Баргий менің қыр-соңымнан қалмады. Ол да жақсы жарысты. Соңғы белесті оны артта тастап қашу қиын болды. Дегенмен мен бар күшімді соңғы асуға сақтап отырған едім. Осы тактикам іске асты. Бұл – менің ел чемпионы жейдесіндегі алғашқы жеңісім. Сондай-ақ биылғы жалпы есептегі 11-жеңісімізбен команда жанкүйерлерін және демеушіміз "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорын құттықтаймын. Менің білуімше, бұл біздің команда үшін рекорд болып саналды",  – деді Алексей Луценко.

"Біз бүгінгі жарысқа нақты жоспармен шықтық. Жеңіске жетеміз деген сенім болды. Бірақ жарыстың бастапқы бөлігі сәтті бола қоймады. Баргий аралық спринтте 2 секунд бонус жеңіп кетті. Алайда біз Алексецге жұмыс істеуді жалғастыра бердік. Команда көп жұмыс істеп Алексейді қорғаштады әрі алға озғандарды қуып жетті. Ал соңғы шақырымдарда бізден тек Уго Уль қалды. Ол бәсекелестердің шабуылына жауап беріп, көшбасшы топты өзі сүйреді. Кезеңде жеңіске жете алмасақ та, Алексейдің жеңісіне қуаныштымыз. Ол команда көшбасшысы екенін дәлелдеді. "Астана" Норвегиядағы аптаны жақсы өткізді деп айта аламыз. Ендігі кезекте "Испания Вуэльтасына" аттанамыз", – деді "Астана" спорт менеджері Дмитрий Фофонов.

Соңғы шешуші 4-кезең (Лединген мен Нарвик, 165.5 км) оқиғаларға толы болды. Патшалық кезеңнен кейін франциялық Уоррен Баргий Луценкодан 3 секундтық басымдылық алып кетіп еді. Ал жарыс бастала салысымен, ол тағы 2 секунд алып, жалпы есепте 5 секунд алға озды.

Алайда елордалық команда жағдайды қайтадан бақылауға алды. Юрий Натаров, Даниил Фоминых және Йонас Грегаард Вилсли пелетон ішінде отырып шабуыл жасады. Сосын Уго Уль мен Магнус Корт бәсекелестің командасына қарсы шабуылдар жасады. Сосын соңғы айналымда Луценко қарқынды күшейтіп көшбасшы топтың өкілдерін азайтып жіберді. Ал соңғы аралық спринтте Қазақстан чемпионы Баргийді озып, 3 секунд жеңіп кетті. Алайда бұл секундтар оған әлі де жетпей тұрды. Луценко шабуылдарын жалғастыра берді, ал қарсылас оған жауап беріп отырды. Сосын норвегиялық Маркус Хольгаард шабуылға шықты да, кейіннен кезеңнің жеңімпазы атанды. Сосын тағы бір норвег Амунд Грондаль Янсен екінші болып келді. Ал Алексей болса бар күшін салып шабуылға шықты да, Уоррен Баргийден 5 секунд озып кетіп, мәре сызығын 3-ші болып кесті. Осы бір ғаламат мәре ел чемпионына жалпы есептің жеңісін әкелді.

Сонымен "Норвегияның Арктикалық жарысының" жүлдегерлері:

1. Алексей Луценко.

2. Уаррен Баргий.

3. Кристс Нейландс.

"Астананың" тағы бір шабандозы Уго Уль 5-ші.

Сондай-ақ, Алексей Луценко ұпайлар класифифкациясы бойынша жеңімпаз болса, "Астана" командасы командалық нәтижеде бірінші орыннан көрінді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу