Луценко "Страде Бьянка" веложарысына қатысады

1510

Сенбі күні өтетін "Старде Бьянка" классикалық жарысына Astana Pro Team велокомандасының екі бірдей көшбасшысы - қазақстандық Алексей Луценко мен Якоб Фульсанг қатысатын болды.

Луценко "Страде Бьянка" веложарысына қатысады

"Страде Бьянке" – 2007-жылдан бері жыл сайын Италияның Тоскана қаласының жолдарында өтетін біркүндік веложарыс. Сайыс 13 жылдан бері үш мәрте атауын өзгерткен. Бастапқыда "Эройка" деп аталған. Жарыстың ұйымдастырушылары жарыс бағытын қиындатып, бірде асу, бірде құлди кезектесіп орналасқан жарыс жолын таңдап алған. Сондай-ақ жарыс жолының жартысы тастақты болып келеді. Велодода ұйымдастырушылардың үмітін ақтады. Оған жергілікті халық пен туристер қызығушылық білдіре бастады. Жаңа демеушілер табылып, олардың ішінде Әлемдегі ең көне банктердің бірі Монте дей Паски ди Сиена демеуші болды. Банк демеуші болған жылы бірден жарыс атауы "Монтепаски Страде Бьянке" деп өзгертілді. Ал 2017-жылдан бастап тосканалық классикалық велодода UCI-дың Әлемдік Туры аясында өткізіліп, 1.UWT санатына ие болды және демеушінің атауы афишадан алынып тасталды.

2011-жылы өткен италиялық классикалық жарыста жерлесіміз Максим Иглинский жеңіске жетіп, бір жылдан соң тағы да осы  жарыста күміс жүлдегер атанды. Ал екінші күміс медальді былтыр "Астана" қоржынына салған дат шабандозы Якоб Фульсанг болатын. Ол жеңімпаз Жулиан Алафилиппке небәрі 2 секунд қана уақыт ұтылды.

Биылғы жылы да "Астанаға" жеңіске жетуге тамаша мүмкіндік бар. Елордалық команданың үздік шабандоздары "Страде Бьянкаға" қатысатыны жайлы "Астана Про Тимнің" ресми  сайты хабарлады.

Фулсангтан бөлек 1-тамыз күні Тосканада жарыс жолына қазақстандық Алексей Луценко, испаниялық Йон және Горка Исагиррелер, канадалық Уго Уль және италиялықтардан Мануэле Боаро мен Фабио Феллине бақ сынайтын болды. Бұл сайыста спорттық директорлардан Александр Шефер мен Бруно Ченьялта жұмыс жасайды.

Сонымен қатар "Астана" велокомандасының шабандоздарының біразы "Бургос Вуэльтасына" қатысып жатыр. Бейсенбіде көпкүндіктің 3-кезеңі өтті. Бұл жолы "Астана" сапынан ең үздік нәтиже көрсеткен Оскар Родригес 19-орын иеленді. Бүгін көпкүндіктің 5-кезеңі өтуде. 163 шақырымдық жарыс жолы Хумьель де Исаннан басталып, Роа де Дуэрода мәресіне жетпек.

Ермұхамед Мәулен


 

 

 

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу