Луценко "Тур де Франс" велододасында 9-шы нәтиже көрсетті

1684

Биыл 109-шы мәрте ұйымдастырылған "Тур де Франс" 21-кезеңмен дәстүрлі түрде Елисей алаңында мәресіне жетті. 

Луценко "Тур де Франс" велододасында 9-шы нәтиже көрсетті

"Мен "Тур де Франсқа" жалпы есепте жоғары нәтиже үшін таласқа түсемін деген мақсатпен келдім. Маусымның алғашқы жартысында құлап, ауруға және сәтсіздікке байланысты "Турға" дайындығым керемет болды деп айта алмаймын. Бірақ командамен бірге өзімізді лайықты көрсете алдым. Әсіресе үшінші аптада тауда жарысып, тоғызыншы орынға ие болдым. Мен бұл "Турда" жеке кезеңде де, жалпы классификацияда да көп жетістіктерге жеткім келді. Қалай болғанда да осы үш апта ішінде 100% барымды салдым. Қазіргі нәтижеге ризамын. Біз Парижде жарысты аяқтадық. Бірақ маусым әлі жалғасуда. Мен алда тұрған жаңа мақсаттарға жету үшін жұмысқа барымды салып кірісіп жатырмын", – деді Алексей Луценко.

"Бұл "Тур де Франс" жарыс басталар алдында Самуэле Баттистелланы жоғалтқаннан кейін біз үшін қиынға соқты. Оны соңғы сәтте Александр Рябушенко алмастырды. Кейінірек, COVID-19 әсерінен Джанни Москон демалысқа кетуге мәжбүр болды. Ал одан кейін екінші аптада Фабио Феллине ауырып, жарыстан шығып қалды. Дегенмен бар күшімізді салуға тырыстық. Үшінші аптада Пиренейде өзін көрсете білген көшбасшымыз Алексей Луценконың жанына топтасқан мықты команданы көрдік. Нәтижесінде, жалпы есепте жоғары тоғызыншы, ал командалық есепте оныншы орынға ие болдық. Шынымды айтсам, "Тур де Франс" кезеңдеріндегі жеңістеріміз жеткіліксіз болды. Соған қарамастан, ең бастысы, қазақстандық шабандоз Алексей Луценко "Тур де Франс" жарысында тағы да үздік ондыққа енді. Бұл отандық велоспорттың жетістігі екені сөзсіз", – деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу