Луценко жалпы есепте 3-орынды сақтап қалды

1481

"Біріккен Араб Әмірліктерінің туры" көпкүндігінің 4-кезеңінің қорытындысы бойынша "Астана Про Тим" командасының шабандозы Алексей Луценко жалпы есепте 3-орынды сақтап қалды. 

Луценко жалпы есепте 3-орынды сақтап қалды

3-кезеңнің финалы таулы аймақта өтіп, бас классификация шабандоздары өзара таласқа түскен болатын. Ал бүгін велесебедшілер Дубайдың жазық аймағымен жүріп өтті. Велодода Забель саябағынан басталып, 173 шақырымнан кейін Дубай қаласының орталық көшелерінде мәресіне жетті.

Жарыс бойы жел соққандықтан, командалардың барлығы эшелондардың құрылуына жол бермеу үшін барынша мұқият болуға тырысты. "Астана Про Тим" шабандоздары кезең барысында Алексей Луценконы желден қорғап, алдыңғы қатарда көп жұмыс атқарды. Нәтижесінде, Қазақстан чемпионы кезеңді жалпы топпен бірге, еш кедергісіз аяқтады.

- Спринтерлер барлығын өз бақылауыларында ұстауға тырысты. Сондықтан біздің басты мақсатымыз Алексей Луценконы қорғау болатын. Кезең бойы жел болғандықтан жарысты бақылауда ұстау біз үшін де маңызды болды. Команда өте керемет жұмыс атқарды. Енді ертең таулы аймақта өтетін кезеңге дайындаламыз, - деді Дмитрий Фофонов.

Сайыс жаппай спритпен аяқталып, голландиялық велошабандоз Дилан Груневеген жеңіске жетті.

"БАӘ турының" 4-кезеңі жалпы есепке ешқандай өзгеріс әкеле қойған жоқ. Адам Йейтс 1-орында келеді. Ал жарыстың көшбасышысына 1 минут 35 секунд уақыт ұтылған "Астана Про Тимнің" капитаны Алексей Луценко 3-орынды сақтап қалды.

5-кезеңде пелотон таулы аймаққа қайта оралады. Шабанадоздар 162 шақырымдық жарыс жолын жүріп өтіп, Джебель Хафит асуына дейін барады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу