Луис Леон Санчес: "Турдан ерте кеткеніме қатты өкінемін"

664

"Астана" шабандозы жарақатына байланысты жарыстан мерзімнен бұрын кетуге мәжбүр болды.

Луис Леон Санчес: "Турдан ерте кеткеніме қатты өкінемін"

Төртінші кезеңнің соңғы шақырымында астаналық шабандоз Луис Леон Санчес қатты жылдамдықпен келе жатып, шабандоздармен қақтығысты. Соның салдарынан оның сол жақ мықын сүйегі сынды. Диагнозы расталғаннан кейін Испанияға жол тартты. Онда шабандозға ота жасалады.

"Жылдамдық өте жоғары болды және финалда тас жолда қауіпті бұрылыстар көп болды. Велосипедті тайғақ жерде жүргізу мүмкін емес еді. Турдан ерте кеткеніме қатты өкінемін. Мен Парижде командаға үлкен көмек көрсетемін деп үміттенген едім. Дегенмен, қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерімізге, сондай-ақ бүкіл командама алғыс айтқым келеді. "Астанаға" "Тур де Франста" үлкен табыс тілеймін. Жігіттерге сәттілік. Келесі жарыстарда кездескенше!" — деді Луис Леон Санчес.

"Біз кез келген жарыста, соның ішінде Марк Кавендишке спринтте көмектесе алатын өте маңызды шабандозды жоғалттық. Өкінішке орай, жарыс жолында құлау - велоспорттың бір бөлігі және біз мұны қабылдауымыз керек. Бірақ көп ұзамай сарпыған күш-жігеріміз жемісін береді деп сенейік", - деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Айта кетейік, "Тур де Франс" веложарысының алтыншы кезеңінің пелотоны таулы аймақ арқылы 144,9 шақырымды жүріп өтті. Кезеңде бірінші орынды БАӘ командасының словениялық шабандозы Тадей Погачар иеленді. "Jumbo-Visma" командасының даниялық шабандозы Йонас Вингегор мәреге екінші болып келді. Uno-X шабандозы норвегиялық Тобиас Халланд Йоханнессен үздік үштік қатарына ілікті. "Астана" сапынан үздік нәтиже көрсеткен Давид Де ла Круз мәреге 29-шы болып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу