Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды

179

Қазақстан құрамасының қоржынында төрт жүлде бар.

Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошы Дакарда өткен жарыста 63 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үздік үштікке енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшы Любовь Юн Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль иеленді.

Ол 63 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жартылай финалда сербиялық Эма Зечировичпен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген екі спортшы да қола жүлдегер атанады.

Айта кетейік, Любовь Юн жарыс барысында екі қарсыласынан басым түсті. Алдымен Норвегия өкілі Сара Наташа Фемер-Педерсенді, одан кейін ширек финалда бразилиялық Рафаэла Мейреллес да Костаны 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының жасөспірімдер Олимпиадасындағы жүлделер саны төртке жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль алса, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола жүлдегер атанған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу