Мәдениет саласы алға қадам басты

Алина Альбекова Алина Альбекова
7768

2016 жыл Қазақстан мәдениеті үшін табысты жыл болды деп есептеуге болады.

Мәдениет саласы алға қадам басты

Салалық министрлік және кәсіби қоғамдастықтың 2016 жылғы қауырт жұмысының арқасында театр, мұражай және Қазақстан кинематографы үшін келесі жыл өзгеріске толы болуы тиіс.

Қазақстан киносының болашағы бар

Қазақстанның кино қауымдастығы жыл бойы айтысып, "Кинематография туралы" заң жобасына өз ұсынысын енгізді, оны келесі жылы үкіметке талқылауға ұсыну жоспарланып отыр. Айта кетейік, жоба көрермендердің, мемлекет пен қоғамның көкейінен шыға алатын сапалы, тақырыбы мен жанры жағынан әралуан кинофильммен халықты қамтамасыз ету үшін жасалған болатын, бұл қазақ фильмдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ұлттық киноның дамуын ынталандыруы тиіс. Заң жобасы фильм мұрағатын цифрлы форматқа ауыстыру, кино мектебінің негізін қалау және кинемотаграфияның өзге де өзекті мәселелерін қамтыды.

Одан бөлек Ұлт жоспары аясында ел тарихын ежелгі дәуірден бастап сипаттайтын, қазақ мәдениеті, қазіргі өмір, тарихи тұлғалар мен қайраткерлер – 2015-2020 жылдардың "өз заманының қаһармандары" туралы мағлұмат беретін кино және тележобалар топтамасын жасау жөніндегі "Мәңгілік ел" кешенді жоспары құрылды.

Алайда жоспар құру бір бөлек, нақты нәтижеге қол жеткізу бір бөлек. 2016 жылдың нәтижелерін сараласақ, мақтанарлық істеріміз баршылық екен. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бірқатар фильмді көрерменге ұсынды: мамыр айында көпшіліктің назарына Ақан Сатаевтың Ұлы Отан соғысына арналған "Анаға апарар жол" фильмінің тұсауы кесілді, ал көктемде Кенесары хан туралы жазған тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы Сатыбалды Нарымбетовтің "Аманат" тарихи фильмі шықты. Жыл соңына қарай режиссер Андрей Шальопаның "28 панфиловшылардың" ерлігі туралы фильмі жарыққа шықты. Орыс биографиялық институтының айтуынша, бұл фильм жылдың "үздік фильмі" атанды. Ал мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "28 панфиловшы" фильміне қосқан үлесі үшін "Жыл адамы – 2016" атағына ие болды. Тәуелсіздік күні Рүстем Әбдірашовтың "Қазақ хандығы: Алмас қылыш" фильмінің тұсаукесері өтті, ал 2016 жылдың 27 желтоқсанында мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ мәдениеті, ғылыми-зерттеу институты мен итальян және қытай серіктестерімен бірге түсірілген "Марко Полоның жібек жолы" фильмінің тұсауы кесілді.

Кассалық фильмнің үздігі болып режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың "Келинка Сабина" комедиясы танылды. Ақан Сатаев та көрермендерді 1987 жылы Алматыдағы өмір тарихы сипатталған "Районы" драмалық фильмімен қуантты.

Бассүйек отанына оралса – ұрпақ бақытты!

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс батыры Кейкі Көмекбайұлының бассүйегін Ресейдің елімізге тапсыруы – 2016 жылдың тарихи оқиғасына айналды. Ұлт қаһарманының сүйегі Ресей академиясының Петр атындағы антропология және этнография мұражайында Сан-Петерборда дәуірге жуық уақыт бойы сақталған, ал 6 қарашада ол Мәскеуден Қазақстанға жеткізілді.

Бассүйекті қайтару мәселесі соңғы бірнеше жыл бойы көтеріліп келді, оны қоғам, тарихшылар, интеллигенция өкілдері және депутаттар қызу талқылады. Алайда Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Ресей аумағында орналасқан мәдени жәдігерлер Отанына қайтарылмауы тиіс. Бұл мәселе біраз уақыт шешілмей келді. Бірақ ұзақ келіссөз бен министрлік мамандарының елеулі еңбегінің арқасында ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Кейкі батырдың бассүйегі Қазақстанға қайтарылды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресейдің мәдениет министрлігі бірлесіп ауқымды жұмыстың басын қайырды.

"Бүгінгі күні ұлт қаһарманының бет пішінін жасау жөніндегі ғылыми жұмыс аяқталды", – деп хабарлайды салалық ведомство. 2017 жылы министрлік Кейкі батыр туралы деректі және көркем фильмдер мен спектакльдер көрсетуді жоспарлап отыр.

Жаңа деңгейдегі жаңа театрлар

Еліміздің театр саласы да қалыс қалған жоқ. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау қарсаңында Астанада бірегей мәдени нысан – "Астана Балет" театры ашылды, енді бұл театр сахнасының төрінде Қазақстан мен шетелдің дарынды драматургтері, хореографтары мен музыканттары шығармашылық қойылымдарын көрермендер назарына паш етеді.

Қазақстан үшін жаңа бағыт – мюзикл жанрына деген халқымыздың қызығушылығын ескерсек, сондай-ақ президенттің 2014 жылдың 4 қарашасында шыққан "Қазақстан Республикасының мәдени саясатының концепциясы туралы" №939 жарлығына сәйкес "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының жанынан "Астана мюзикл" театры ашылды.

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Республикалық этномәдени ұйымдардың фестивалі барысында мемлекет басшысы үш ұлттық театр – корей, неміс және ұйғыр театрларына "академиялық" мәртебесін берді. Мәртебе беру туралы хабарлау барысында Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиға Қазақстан театр өнерінің дамуындағы жаңа кезең болатынын айтты.

Театр саласындағы ең басты оқиға – "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік мұражайының ашылуы болды, оның басты мақсаты – мұражай жәдігерлерін және тарихи-мәдени мұрамызды жинау, сақтау, зерттеу және насихаттау. Сондай-ақ орталықтың ішінде қазақстандағы этностардың ұлттық мәдениетін сақтауға бағытталған қолданбалы, жобалық және іздестірушілік зерттеулер жүргізіледі, мұражай Орта Азия елдерінің мәдени ерекшеліктерін насихаттап, діни диалог жүргізеді деп жоспарланған.

Қазір Мәдениет министрлігінде бұл орталыққа "ЮНЕСКО қамқорлығында" мәртебесін беру мәселесі қарастырылып жатыр. Биылғы жылдың 12 сәуірінде Қазақстан үкіметі ЮНЕСКО-ға Алматыдағы "Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығына" (ICRC) ЮНЕСКО қамқорлығындағы 2 санатты ұйымдастыруға сұраныс жіберді. Жауап келді: ЮНЕСКО қолдайды. Енді орталық қызметінің негізгі өңірі Орта Азия болуы тиіс.

Жаңа жылды диплом алған әртістермен қарсы аламыз

Қазақстан мәдениеті саласында 2016 жылғы негізгі жетістік – Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясының ашылуы болды. Коммерциялық емес акционерлік қоғам ҚР үкіметінің 2015 жылдың 11 наурызындағы №126 қаулысына сәйкес құрылыпты. Бұл хореографиялық кәсіби білімнің барлық деңгейі қамтылған Орта Азиядағы алғашқы жоғары оқу орны, мұнда бастауыш, техникалық, кәсіби, жоғары және жоғарыдан кейінгі деңгейлер бойынша білім беріледі. Академияда негізінен, "Балет әртісі", "Би ансамблінің әртісі", "Режиссура", "Хореография", "Өнертану" және "Арт-менеджмент" мамандықтары оқытылады.

Одан бөлек Президенттің 2016 жылдың 27 сәуірінде шыққан №242 жарлығына сәйкес, академияға "Ұлттық ЖОО" ерекше мәртебесі табысталды. Мұндай академия өз қанаты астында театрдың оқыту, балет, тұрғын және үлкен театр бөліктерінің басын қосты. Министрлік алдыңғы қатарлы хореография орталықтары – шетелдік серіктестерді тарту жұмысы жалғасатынын айтты.

Мәдениет министрлігі 2017 жылы бізді немен қуантады?

Алдағы жыл Қазақстан үшін ерекше болайын деп тұр. Еліміз "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуге дайындалып жатыр. Министрлік қонақтарды күтіп алуға дайын екенін айтады. Елорда әкімдігі және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ бірлесіп мәдени және спорттық іс-шараларды, дәстүрлі өнер көрсетуді, көрмелерді біріктірген кешенді бағдарламаны әзірледі. Ал "Қазақтың дәстүрлі мәдениеті" саласында "Қазанат" ипподромының аумағында этноауыл жұмыс істейді, онда дәстүрлі мәдениеттің сан түрлі нышандары, тымақ ату, алтыбақан, қыз қуу, көкпар, аударыспақ, бәйге, түйме алу, аламан бәйге, ақсүйек, орамал, жамбы ату, тоқты алу, жігіт жарыс, жорға жарыс, күміс алу, теңге ілу секілді ұлттық спорт түрлері көрсетілетін болады. Қала және аудан командалары ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түседі.

Этноауылда киіз, керамика және зергерлік бұйымдар, қолөнер және қолданбалы өнер туындылары көрсетіледі. Бұйымдарды сол жерде сату да ойластырып жатыр. Одан бөлек, 2017 жылы Бейбітшілік және келісім мұражайын ашу жоспарда бар, ол конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға, адамзат дамуы мәселелері бойынша Қазақстан және халықаралық тәжірибені біріктіру, діндер мен халықтардың өзара түсіністігін нығайту, дін мен мәдениет тарихын зерттеуге, әлемдік және дәстүрлі дінбасылардың съезінде айтылған идеяларды насихаттауға жәремдеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу