Мадияр Ашкеев америкалық боксшыдан жеңілді

2124

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев америкалық Чарльз Конуэллден жеңілді.

Мадияр Ашкеев америкалық боксшыдан жеңілді

Жекпе-жек Лос-Анджелестегі (АҚШ) Wild Card Boxing аренасында өтіп, бокс кешінің басты оқиғасы болды. Екі былғары қолғап шебері жартылай орта салмақтағы USNBC және USBA титулдары үшін жұдырықтасты. USNBC қазақстандық боксшыға, ал USBA белбеуі оның қарсыласына тиесілі болатын. Бұл жекпе-жекке дейін екі спортшы да кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген еді. 32 жастағы Ашкеев 14 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, оның жетеуін нокаутпен аяқтаған. Ал, 23 жастағы Конуэлл 13 жекпе-жекте он жеңіске жетіп, 10 кездесуді де мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ашкеев пен Конуэлл арасындағы кездесу он раундқа есептелген. Ашкеев көптеген соққыларды жіберіп алды. Кездесу соңында қазақстандықты жекпе-жекті тоқтатуға көндірді. Нәтижесінде тоғызыншы раундтан кейін Ашкеевке кездесуді жалғастырудан бас тартуға тура келді. Осылайша Мадияр спорттық мансабында бірінші рет жеңілді.

Қазақстандық боксшымен жұмыс жасайтын менеджер Эгис Климас осы жеңілістен кейін өзінің Instagram парақшасында жекпе-жектің мұндай нәтижесіне кімді кінәлау керектігін білмейтіні туралы айтты.

"Мен тіпті кімді кінәлауды да білмеймін... Пандемия, қарсылас, төрешілер, промоутерлер, комментаторлар, бокшының өзін, менеджерлерді, жаттықтырушыларды немесе кімді??? Олай болмаған жағдайда тек 2020 - жылды кінәлаймын", - деп жазды Климас.

Бірақ, Әшкеевтің қарсыласы қазақстандықтың мансабындағы алғашқы жеңілісінің себебі өзінің күшінде екеніне сенімді.

"Ол өзін мықты ұстады. Бірақ соңында мен оны жеңдім. Менің ойымша, үлкен жетістіктерге жетіп жатырмын және қомақты сыйақы алуға дайынмын. Неғұрлым көп жұдырықтассам, соғұрлым мен жақсара түсемін. Небәрі 23 жастамын және енді тек мықты бола түсемін", - деді Конуэлл жеңісінен кейін.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу