Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

268

Магистратура бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды Фото: canva

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты.

Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. 

2025-2026 оқу жылына арналған білім беру гранттары иегерлерінің тізімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу