Магомед Адиев: “Бізде қорғаушылар жетіспейді”

1079

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Словенияға қарсы ойыннан кейінгі баспасөз отырысында жеңілістің себебін түсіндірді.

Магомед Адиев: “Бізде қорғаушылар жетіспейді”

⁃ Адиев мырза бүгінгі ойын жайлы қысқаша пікіріңіз?
⁃ Ойынның алғашқы жартысы өзім ойлағандай қалыпты өтті. Бізде де шабуылға шығып есепті өзгертетін сәттер жасай алдық. Жоспарлағандай, біз қарсыласқа қарсы жүйеде ойнадық. Дегенмен бір жерде сәл жақсырақ, бір жерде сәл нашарлау. Үлкен қателегіміз өз алаңымызда уыстағы жеңісті шығарып алғанымыз. Бірақ бұл біз оңай беріле салдық деген сөз емес. Соңғы минуттарға дейін жігіттер есепті теңестіру үшін жандарын салды,тіпті мүмкіндікте болды. Алайда сәттілік біздің жақта болмады. Екінші таймдағы қарсыластардың голы бізді біраз есеңгіретіп тастағанын мойындау керек. Екінші гол болса, ол жерде ойыншы жетіспеді. Мүмкін тезірек ауыстыру керек пе еді. Тағы бір мәселе, бізде қорғаушылар жетіспейді.
- Екінші таймдағы Самородов пен Айымбетов алмасуы, неге ондай шешімге келдіңіз?
- Абылайхан Жұмабектің бізге дәл қазіргі күйде керек емес екенін түсінеміз, аздап ауыр болғаны сезілді. Самородов болса– иә, ол гол соқты, жақсы қимылдады, бірақ шабуылда допты ұстау қабілетіміз азайғандай сезілді. Сондықтан, біз шабуылға белгілі бір дайын ойншыны қосқымыз келді және осындай ауыстырулар жасадық.
- Келесі ойында Данияға қарсы ұлттық құрама қалай әрекет етеді? Енді демалыс бола ма, әлде дайындық процесі жаңадан басталады ма?
- Демалыс дегенді ұмыту керек. Келесі ойынға дайындықты бастаймыз деп жігіттерге киім ауыстыратын бөлмеде айттым. Бізде уақыт жоқ. Енді біз келесі қарсыласымыздың ойынын шамамен білсек те толықтай зерттеуіміз қажет. Бапкерлер бір түнде талдау жасап, ертеңгі жаттығу жиынында негізгі құрамды шешуі керек.16:21

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу